Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Хостелдегі өрт: Бас прокурор орынбасары хостелдің жертөледе болғаны заңға қайшы екенін айтты

Алматыда өртенген хостел заңды бұзды деген күдік бар. Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев осылай деп мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бас прокурор орынбасары ішкі істер органдары қылмыстық іс қозғағанын, ал істің сапалы, жан-жақты тергелуін қамтамасыз ету үшін Бас прокурор тиісті үкім шығарғанын айтты.

“Алматыда болған өрт – өте ауыр жағдай. Біріншіден, мен қаза болған азаматтардың жақындары мен туысқандарына көңіл айтқым келеді. Бас прокуратураның білікті қызметкерлері, сондай-ақ Алматы қаласының прокуратурасының қызметкерлері тергеу тобымен бірге барлық күш-жігерімізді салып, қысқа уақытта жауапкершілікпен қарау мәселесін қарастырамыз”, -деді  бас прокурор орынбасары мәжіліс кулуарында.

Жандос Өмірәлиев жер төледе хостел ашу қаншалықты заңды деген сұраққа жауап берді. 

“Ғимараттың бірінші қабатында және астыңғы қабатында адамдар тұрған деген ақпарат тарап жатыр. Әрине, бұл заңға сәйкес келмейді. Себебі, заңда тұрғын үй және тұрғын үй емес деген норма бар. Бірақ біздің ақпаратымызша, әкімшілік тарапынан ауыстырылмаған. Сондықтан ғимараттың астындағы қабаттағы адамдардың тұруы менің ойымша заңға қайшы келеді. Тұрғын үй емес ғимараттарда оларды ауыстыру керек”, -деді Өмірәлиев.

Еске салайық, бұған дейін Алматыдағы хостелдердің бірінде өрт болып, 13 адамның жан тапсырғанын хабарлаған едік. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт болған кезде мұнда 72 адам болған. 59 адам эвакуацияланыпты. Өрттің себебі сараптамадан кейіне анықталады. Қазір полиция бұл оқиғадан кейін қылмыстық іс қозғады. 

Талқылау