Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Home Credit Bank кәсіпкерлерге арналған онлайн-бухгалтерияны іске қосты

Home Credit Bank кәсіпкерлерге арналған онлайн-бухгалтерияны іске қосты. Жаңа пайдалы сервис кәсіпкерлерге бухгалтерлік есепті дербес жүргізуге және операциялық шығындарды үнемдеуге мүмкіндік береді. Онлайн-бухгалтерия қызметкерлерге жалақы есептеу, қызметкерлер мен ЖК үшін салықтарды төлеу, жалақы туралы деректер мен жұмысқа қабылдау күнін қамтитын кадрлық есепті жүргізу және т.б. функцияларды қамтиды.

Сервисте клиентке бухгалтерлік есепті тез жүргізуге көмектесетін ыңғайлы гид бар. Онлайн-бухгалтерияға Home Credit Business қосымшасы арқылы қосылуға болады. Қызметкерді немесе Жеке кәсіпкерді қосу бірнеше минут ішінде өтеді. Ол үшін қызметкердің ЖСН, азаматтығы, жалақысы және жұмысқа қабылдау күні өрістерін толтыру қажет. Алгоритмдер салықтарды дербес түрде есептейді. Кәсіпкерге ыңғайлы болу үшін қосымшада барлық салықтар және оларды төлеу күні, Жеке кәсіпкерлерге арналған нысандар мен декларациялар бар. 

"Кәсіпкерлерге арналған заманауи қосымшада қаржылық мәселелерден басқа да сұрақтар шешілуі тиіс. Біз кәсіпкерлердің күнделікті міндеттерін жеңілдеткіміз келеді. Кәсіпкерлер әртүрлі нысандар мен декларацияларды толтыруға уақыт жұмсамай, бизнеске көбірек көңіл бөле алады. Онлайн-бухгалтерия нарық зерттеулеріне және клиенттердің кері байланысына негізделіп жасалған. Сервис біздің red_mad_robot  central asia және Payda серіктестеріміздің арқасында 3 айдан аз уақыт ішінде іске қосылды. Біз стартаптар және IT-компаниялармен сенімгерлік және серіктестік қатынастарды дамыту біздің стратегиялық мақсаттарымыздың бірі болып табылатын ашық платформа құрып жатырмыз. Сол платформа арқылы біз жаңа сервистерді тез әрі сапалы түрде іске қосып, біздің стартаптарға клиенттік базаны ұлғайтуға көмектесеміз", - деді "Home Credit Bank" АҚ ШОБ блогының басқарушы директоры Дамир Какиев.

Қазір Home Credit Business арқылы ұлттық валютада төлемдер жасауға болады. Сонымен қатар әрбір кәсіпкерге тауарларды бөліп төлеуге сату мүмкіндігі бар жеке сату кабинеті және аударымдар жасау мен айырбастау мүмкіндігі бар сыртқы экономикалық қызметті жүргізу қолжетімді. Келесі айда әзірлеушілер онлайн-бухгалтерия функционалдығын кеңейтуді жоспарлауда - жеке кәсіпкерлер үшін салықтар, төлем шоттары, орындалған жұмыс актілері және 910 формасын қалыптастыру сияқты алғашқы құжаттарды өңдеу, демалыс, еңбекке жарамсыздық және жұмыстан босату, қызметкердің мәртебесі туралы толық кадрлық оқиғалар қолжетімді болады. 

Кәсіпкерлерге арналған цифрлық банк іске қосылғаннан кейін 3 ай ішінде оны 6000-нан астам жеке кәсіпкер жүктеп алды. HCB Business қосымшасында барлық операциялар бойынша комиссия 0 теңге. 

№ 1.2.36/40 лицензия, 17.08.2022 ж. Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген.

Талқылау