Хоккейші Александр Овечкин ҰХЛ-да Грецкидің рекордын жаңартты
2025 жылдың 6 сәуірінде Александр Овечкин ҰХЛ тарихындағы ең көп гол соққан хоккейші атанып, Уэйн Гретцкидің 894 голдық рекордын жаңартты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Овечкин өзінің 895 голын Нью-Йорк Айлендерс командасына қарсы ойында соқты. Бұл жетістік оның 1 487 матчында орын алды. Айта кетейік, Гретцкиде бұл шайбаларды мансабында 1 487 матчта салған еді.
Овечкин ҰХЛ-дағы дебютін 2005 жылдың 5 қазанында Вашингтон Кэпиталз құрамында өткізді. Сол ойында ол екі гол соғып, командасына 3:2 есебімен жеңіс әкелді.
Осылайша, 20 жылдық мансабында Овечкин 1 487 матчта 895 гол соғып, ҰХЛ тарихындағы ең үздік сұрмерген атанды.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан