Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ХОК World Boxing ұйымын уақытша мойындады

26 ақпанда Халықаралық Олимпиадалық комитет (ХОК) былтыр құрылған World Boxing халықаралық федерациясын уақытша мойындағанын ресми түрде жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: World Boxing

World Boxing Олимпиадалық комиссиясы 2024 жылдың қыркүйек айында құрылған еді. Федерацияның төрағасы қызметіне қазақстандық танымал боксшы Геннадий Головкин тағайындалған еді.

Қазір ұйымға 78 елдің федерациялары мүшелікке өтті. 2024 жылы өткен Париж олимпиадасына қатысқан спортшылардың 62%-ы, жүлдегерлердің 58%-ы World Boxing құрамына кірді.

Ұйым төрағасы Геннадий Головкин ХОК шығарған шешім жайлы өз пікірін білдірді.

“ХОК-тың ұйымды уақытша мойындауы – маңызды жетістік және біздің спорт дұрыс бағытта дамып жатқанын көрсетеді. Бұл шешім боксты Олимпиада ойындарында сақтау жолындағы мақсатымызды тағы бір қадам алға жақындатады. Мен World Boxing-ті қолдайтын барлық адамның үздіксіз еңбегінің арқасында осындай нәтижеге қол жеткізгенімізге қуаныштымын”, – деді Головкин.

Абылайхан Палмағанбет
Сәрсенбі, 26 Ақпан, 2025 21:05