Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ханифамен келісім": Алматылық әйелді еңбек құлдығына шетелге әкетпек болды

CC0 _ Richard Mcal _ никабФото: Richard Mcal

Қазақстан азаматшасын Таяу Шығысқа заңсыз әкету әрекеті әшкереленіп, ол елге дер кезінде қайтарылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Алматы прокуратурасының, ұлттық қауіпсіздік қызметі департаментінің үйлестіруімен, сондай-ақ интерполдың және Қазақстанның Оман Сұлтандығындағы елшілігінің жәрдемдесуімен, Қазақстан Республикасының азаматшасын шетелге еңбекке пайдалану үшін заңсыз тарту және әкету әрекетінің жолы кесілді.

Зардап шегушінің ұзақ уақыт бойы "Ханифа" атты шетел азаматымен байланыста болғаны анықталды. Ол оған жұмысқа орналасу үшін Таяу Шығыс елдерінің біріне көшуді бірнеше рет ұсына отырып, тиімді жұмыс жағдайларын уәде еткен.

Әйел жақындарын хабардар етпестен, өз бетінше шетелге ұшып кеткен.

Оман Сұлтандығының халықаралық әуежайына келгеннен кейін, ол жедел іс-шараларынан кейін ұсталып, сол күні Отанына қайтарылды.

Алматы прокуратурасы шет елдерде жұмысқа орналасу туралы ұсыныстарды алған кезде азаматтар алаяқтар мен адам сатушылардың құрбаны болмас үшін қырағылық танытуы және ақпараттың дұрыстығын тексеруі керек екенін ескертеді.


Ақтөбедегі мешітте әдепсіз ұсыныс алған блогерге тиіскен тағы бір ер адам 10 тәулікке қамалды


Ауғанстанда хиджабты дұрыс кимегені үшін әйелдерді жаппай қамап жатыр


Еске салайық, бұған дейін Қытайда 17 жастағы қыз өз жігітін 100 мың юаньға құлдыққа сатып, өзі Таиландқа демалуға кеткенін жаздық. 19 жастағы жігіт төрт ай бойы Мьянмадағы қатаң жағдайда жұмыс істеуге мәжбүр болған. Соққыға жығылып, аш қалып, күніне 16-20 сағат еңбек еткен. Оның отбасы 350 мың юань төлеп, жігітті құтқарып алған. Жәбірленуші салмақ тастап, денсаулығынан айырылған. Қыз Қытайға оралған соң ұсталып, алаяқтық пен адам саудасы үшін жауапқа тартылған.

Айым Атамбаева
Сәрсенбі, 03 Қыркүйек, 2025 09:45
Талқылау