ХАМАС-ты толық жеңгенше шабуыл тоқтамайды – Израиль премьер-министрі
Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху ХАМАС толығымен жеңілгенше атысты тоқтатпайтынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Euronews сайтына сілтеме жасап.
Фото: Reuters
Премьер-министр Израиль бұл қақтығыста АҚШ-тың саясатын ұстанатынын жеткізді.
"АҚШ Перл-Харбордағы бомбалаудан кейін немесе 11 қыркүйектегі лаңкестік шабуылдан кейін бітімге келмегені сияқты, Израиль де 7 қазандағы жан түршігерлік шабуылдардан кейін Хамасқа қарсы соғыс қимылдарын тоқтатуға келіспейді.
Атысты тоқтатуға шақыру - Израильді Хамасқа, лаңкестікке, жабайылыққа берілуге шақыру. Киелі кітапта бейбітшілік пен соғыстың уақыты бар делінген. Қазір соғыс уақыты", - деді Израиль премьер-министрі.
Нетаньяху Газа секторындағы қаза тапқандар санының жоғары болуына ХАМАС-ты кінәлады.
"Бірде-бір бейбіт тұрғын өлмеуі керек еді, ХАМАС адамдардың кетуіне қауіпсіз аймақтарға рұқсат бермей отыр", – деді Нетаньяху.
Талқылау

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады