Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ХАМАС пен Израиль арасындағы соғыс – Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі ресми мәлімдеме жасады

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі ХАМАС пен Израиль арасындағы қарулы қақтығысқа қатысты ресми мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: dialog.ua

"Қазақстан ХАМАС-тың израильдік бейбіт тұрғындарға жасалған шабуылдарын және шетелдіктерді қоса алғанда, кепілге алуын айыптайды. Біз БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің кепілге алынғандарды алдын ала шарттарсыз дереу босату және гуманитарлық көмекке кедергісіз қол жеткізуді қамтамасыз ету туралы үндеуін қолдаймыз.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бішкекте ТМД саммитінде сөйлеген сөзінде, ондаған жылдар бойы шешімін таппаған міндеттерді жүзеге асыру үшін террористік әрекеттерге баруға болмайтынын, сондықтан мұны ақтау мүмкін еместігін айтты", – деп хабарлады СІМ. 

Сондай-ақ Қазақстан Израильді Газа секторында көптеген бейбіт тұрғындардың қазасына және азаматтық инфрақұрылымның қирауына әкеліп соқтыратын пропорционалды емес күш қолданудан бас тартуға шақырды.

"Бұл жағдайда халықаралық құқықты сақтау, сондай-ақ Палестина халқының заңды құқықтарын қамтамасыз ететін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тиісті қарарларын орындау өте маңызды. Зорлық-зомбылыққа жауап зорлық-зомбылықты тудырады және Таяу Шығыс пен бүкіл әлем үшін сөзсіз қайғылы зардаптарға әкеледі. Қазақстан Газа секторының тұрғындарын эвакуациялаудың белгіленген мерзімін алып тастауды және қақтығыстың кепіліне айналмауы тиіс бейбіт тұрғындарды толық қорғауды қамтамасыз етуді талап ететін халықаралық қоғамдастықпен ынтымақтасады", – деп хабарлады министрлік.

Қазақстан тараптарды соғыс қимылдарын тез арада тоқтатуды қамтамасыз етуге және "екі халық үшін екі мемлекет" формуласы негізінде аймақтың барлық тұрғындары үшін бейбітшілік, тұрақтылық пен қауіпсіздікке қол жеткізу жөніндегі күш-жігерді жандандыруға шақырды.

Талқылау