ХАМАС кепілге алынған Израиль азаматтарын палестиналық тұтқындарға айырбастауды ұсынды
ХАМАС барлық кепілге алынған Израиль азаматтарын палестиналық тұтқындарға айырбастауды ұсынды. Ұйымның Газа секторындағы жетекшісі Яхьи Синвардың айтуынша, мұны дәл қазір немесе біртіндеп жүзеге асыруға болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Еuronews.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: rbc.ru
Израильдің премьер-министрі Биньямин Нетаньяху әскерилер кабинеті бұл мүмкіндікті талқылағанын, бірақ шешім қабылдамағанын айтты. Сенбі күні Израиль премьер-министрі кепілге алынғандардың отбасыларымен кездесіп, олардың қайтарылуы үшін ел барлық мүмкіндікті пайдаланатынын айтты.
Көптеген израильдіктер қазіргі жағдай үшін үкімет басшысын жауапты деп санайды. Тель-Авивте кепілге алынғандардың отбасылары Нетаньяхудың отставкаға кетуін және жақындарын құтқарудың нақты жоспарын талап етіп наразылық акциясын өткізді.
Израиль қорғаныс күштері мәліметінше, 230 адам радикалдардың қолында болған, ХАМАС жүздеген адамдарды кепілге алған.
Еске салайық, Израиль-ХАМАС қақтығысы 7 қазанда басталған болатын. Соғыс басталғалы бері 1400-ден астам израильдік және 7,3 мыңнан астам палестиналық қаза тапты.