Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ақшасы көп емес, ақшасын дұрыс басқарған адам жетістікке жетеді": Қазақстандықтар инвестиция арқылы қалай ақша еселегендерін айтты

Егер сіз ақшаны тек жинап қоймай, оны табыс әкелетіндей қолдануға болатынын түсінсеңіз, инвестор болуға дайынсыз деген сөз. Инвестиция арқылы ақшасын еселеп алған инвесторлар Ермек пен Гүлнұр Stan.kz агенттігіне жеке тәжірибесін айтып берді. 

Halyk Tenge пай қоры арқылы ақшасын көбейткен Ермектің оқиғасы

39 жастағы Ермек – пай қорлары арқылы ақшасын еселеген инвестор. Ол жекеменшік компанияда сату маманы болып істейді. Үйленген, екі баласы бар. Ермек 20 жасынан бастап жұмыс істеген, сондықтан ол әр адамның форс-мажор жағдайға арналған жинақ сандықшасы болуы керек екенін жақсы түсінеді. 

“Қаржы жағдайыңның тұрақты болғанын қалап қана отыра беруге болмайды. Себебі бұл – өмірде қажет фактордың бірі. Мұны мен жақсы түсіндім. Сол себепті кем дегенде алты айдың жалақысына тең қордың болғаны дұрыс. Дегенмен мұндай қаржыны жинау үнемі қолымнан келе бермеді. Десе де ай сайын ақшамның бір бөлігін жинауды ақырындап үйрене бастадым. Алғашында кірісімнің 10%-ын жұмсамай жинайтынмын. Кейіннен 20-25%-ын жеке қорымда сақтайтын болдым”, – дейді Ермек.

Кейін Ермек өзінің кірісін инвестиция арқылы еселеуге болатынын естиді. Бірақ ол айлап маңдай термен жиған ақшасынан толық айырылып қалудан қорқады. Сөйтіп әуелі инвестиция туралы ақпараттар іздейді. 

“Қазір интернетте бағалы қағаздарға қатысты көп ақпарат бар. Ұзақмерзімді инвестиция үшін қандай құралдар бар екенін іздедім. Сөйтіп жүріп пай қорлары туралы білдім. Пай қоры арқылы түрлі сала, бағыттағы компаниялардың активтерін, пайларын сатып алуға мүмкіндік бар екен. Сол кезде маған “Екі пайым екі жақтап пайда әкелсе, керемет. Бір пайым табыс таппай қалса, екінші пайым жақсы табыс әкелсе, кем дегенде ақшалай қатты ұтылмаймын” деген ой келді. Сөйтіп пай қорымен айналысатын 5-6 инвестиция компаниясын қатар қарастырдым, бірақ соңында Halyk Finance-ты таңдадым. Себебі бұл компания инвестициялық нарықта көшбасшы болып шықты, оған қоса ол Halyk Group-тың бір бөлігі екен. Бұрыннан білетін, нарықта ұзақ уақыттан бері жүрген компания болған соң, сенім ұялатты. Бірақ олардың да бірқатар пай қорлары бар екен. Оның ішінде маған ең ыңғайлысы Halyk Tenge болды”, – дейді Ермек. 

Ермек Halyk Tenge-ні мүмкіндіктеріне байланысты таңдағанын айтады. 

“Біріншіден, бұл пай қорына өзім білетін валюта бойынша, яғни теңге арқылы инвестиция салуға болады екен. Екіншіден, аз сомадан, 100 мың теңгеден бастай аласыз. Мен бастапқыды 150 мың теңге салып, пай қорынан пай сатып алдым. Үшіншіден, пай қорын басқаратын компания мамандары активтерді бақылауға, анализ жасауға көмектеседі. Мұнысы маған ұнады, себебі мен жеке кәсіпкер емеспін. Белгілі бір компанияның қызметкерімін. 8 сағат атқаратын өз жұмысым бар. Кей айларда жұмыс қарбалас болып, қатты шаршаймын. Ал ол кезде пай қорын қарауға, ойлауға да шамам болмайды. Мұндайда үйде балаларым мен әйелімнің жанында ештеңе ойламай, тыныш демалғым келеді немесе тауға шыққанды жөн көремін. Оған қоса компания мамандары тек бақылап отырмай, ай сайын есеп береді екен. Төртіншіден, пай қорынан аса пайда таппай жатқанымды түсінгенде оны қайта басқаратын компанияға сатып жіберуге болады екен”, – дейді Ермек. 

Ермектің инвестициямен айналысып жүргеніне үш жылдан асты. Бірінші жылы Ермек инвестициясының динамикасын бақылайды. Бастапқыда өсім қалыпты болған, бірақ кейін нарық өзгеріп, оның пайларының бағасы өсіп, қаржысы еселене түскен. Жыл соңына дейін оның инвестициясы 170 мың теңгеге жеткен. Осыдан кейін Ермек нарықты көбірек зерттей бастайды. Дегенмен 2022 жылы нарық құбылады да, Ермек алғашқы қауіп-қатерді басынан өткереді. Оның пайларының құны 140 мың теңгеге түсіп кетеді. Алайда ол бұл уақытша қиындық деп қабылдап, ақшасын шығарып алмауға бел буады. Оның үстіне, нарықтың құбылып тұрған сәтін пайдаланып, тағы 50 мың теңге қосып, пай сатып алады. 

2023 жылы нарық қалпына келіп, Ермектің инвестициясы қайтадан пайда әкелді. Оның бастапқы инвестициясы мен кейіннен салған қаржысын қосқанда 200 мың теңге болса, бұл жылы оның қаржысы 245 мың теңгеге жеткен.

“Пай қорлары – жаңадан бастаған инвесторлар үшін және инвестицияларды басқаруға көп уақыт бөлгісі келмейтіндер үшін тамаша құрал. Әрине, кез келген инвестиция түрі секілді мұнда да қауіп-қатер бар. Оны қабылдай білу керек. Десе де салыстырмалы түрде пай қоры арқылы инвестиция жасау тиімді көрінді”, – дейді Ермек.

Halyk Tenge пай қоры туралы толығырақ мына сілтемеден білуге болады — https://halykfinance.kz/halyk-tenge-kaz/?lang=kk


Halyk Finance тәжірибесі: Пай қорын басқаратын компанияны қалай таңдаймыз?

Инвестор болуға қаншалық дайынсыз?


Halyk Global арқылы қаржысын көбейткен Гүлнұрдың оқиғасы

Гүлнұр — өте белсенді және алдына мақсат қоя білетін адам. Ол халықарлық компанияда маркетинг саласында істейді. 32 жасына дейін мансабын құрып үлгерді. Дегенмен өзі бұрыннан қаржылай тәуелсіз болғысы келетін. Бүгінге дейін қанша көп ақша тапса да, оның бәрі “судай” кетіп, өмірінде ештеңе өзгермей жатқандай сезімде болатын. Бірақ бір күні ол өз өмірін өзгертті. 

“Құрбыларымызбен бірге шай ішіп отырып, инвестиция туралы әңгіме өрбіп кетті. Сол кезде бір құрбым бірнеше жылдан бері инвестиция салып жүргенін, біраз пайда көргенін айтты. Мұндай заттарға кішкене сын көзбен қарайтын едім, бірақ сол күні инвестицияға ерекше қызықтым. Бір күн өткен соң құрбыма хабарласып, егжей-тегжейлі сұрап алдым. Сөйтіп тәуекел етіп, жиған-тергенімді инвестициялауды жөн көрдім”, – дейді Гүлнұр. 

Гүлнұр Halyk Finance компаниясының Halyk Global пай қорын таңдаған. Дәл осы пай қорын таңдауға құрбысының тәжірибесі себеп болған. Оған қоса тек жергілікті емес, шетел компанияларының активтерін алуға болатыны қызықтырған. Өзінің айтуынша, әлемдік аренада мүмкіндік көп деп ойлаған.

“Мұнда түрлі валюта бойынша пайды сатып алуға болады екен. Жеке басым, валюта бағамдарының қалай өзгеріп отыратынын, қай елдің ақшасының құны түсіп не көтеріліп жатқанын бақылап отырғанды жақсы көремін. Оған қоса мұнда алғашқы жарна ретінде кемінде 100 доллар сала аласың. Бұл мен сияқты қорқатын, бірақ инвестиция саласына қатты қызығатындарға тиімді сома”, – дейді Гүлнұр. 

Гүлнұрдың пай қоры арқылы инвестициямен айналысып жүргеніне екі жыл болды. Алғашқыда қатты пайда әкеле қоймаған, бастапқы сомадан айырмашылық қатты болмаған. Әрине, бұған оның көңілі түскен, дегенмен берілмеген. 

“Инвестициядан жақсы табыс табу үшін төзім мен жігер керек екенін түсіндім. Бірақ 2022 жылы нарық құбылып, пайларым арзандап кетті. Инвестициямның құнын жоғалтып жатқанын көру қиын болды, бірақ мұның уақытша екенін есіме түсірдім. Әрі қарай не істерімді білмей қалдым. Дегенмен Halyk Finance-тың қызметкерлері сабырға шақырып, нарықты бақылап, дұрыс шешім қабылдауға көмектесті”, – дейді ол. 

Гүлнұрдың айтуынша, Halyk Global-дың бір ұтымды тұсы – түрлі саладағы активтерді қатар сатып алуға болатыны. 

“Пай сатып алмай тұрып өз-өзіме “мен өзім қызығатын, кішкене болсын ол саладан хабарым бар, нарықта перспективасы жоғары пай сатып аламын” деген шарт қойдым. Бірде 1000 доллар салып, оны 1130 долларға дейін көбейтіп алдым. Кейін оны сатып жібердім. Біраз уақыттан соң қайта жаңа актив сатып алдым, қазір соның өсімін бақылап жүрмін”, – дейді Гүлнұр. 

Гүлнұр болашақта өзінің шағын кәсібін бастағысы немесе бір дайын кәсіпке инвестор болғысы келеді. Ол қазір соған дайындалып жатқанын, инвестицияның қыр-сырын толық үйреніп жүргенін айтады. 

“Бұрын “инвестор”, “инвестиция” дегенді естігенде миллионер, миллиардерлерге ғана қатысты нәрсе деп ойлайтынмын. Жалақының ақшасы арқылы инвестор атануға болатынын еш ойламаппын. Бірақ қазір ақша көп тапқан адам емес, ақшаны дұрыс басқарған адамның бай екенін түсіндім”, – дейді Гүлнұр.

Жаңа инвесторларға лайфхактар

Инвестор Ермек пен Гұлнұр инвестициялауды енді бастаған азаматтарға бірнеше кеңесін ұсынды: 

  1. Қаржы тұрғысында сауатты болу. Қаржы жағынан сауатты адамның өмірі әлдеқайда жеңілдейді. Инвестициямен айналысатын адам қаржы сауатын арттырып отырғаны жөн. Ол үшін қаржыға қатысты кітаптар, кеңестер оқып, нарықты зерттеп отырғаны дұрыс. 
  2. Әр тарапты қамту. Диверсификация — табысты инвестициялаудың кілті. Бұл барлық ақшаңызды бір қаржы құралына салуға болмайды дегенді білдіреді. Оның орнына  өз капиталыңызды акциялар, облигациялар, банктік депозиттер және жылжымайтын мүлік сияқты әртүрлі активтерге жұмсаңыз. Бұл тәсіл тәуекелдерді азайтуға және тұрақты табыс алу ықтималын арттыруға көмектеседі.
  3. ETF және пай қорларына назар аудару. Инвестициялауды енді бастаған адамдар ETF және пай қорлары арқылы активтер сатып алғаны абзал. Себебі бұл қорды басқаратын компаниядарда кәсіби мамандар істейді және олар инвесторға бар көмегін береді.
  4. “Тұрақты түрде ақшаңды еселеп отырасың” дейтін уәделерден абай болу. Компания, пай қорын басқаратын компания, тіпті мемлекет те инвестиция арқылы тұрақты кіріс табуға болатынына кепіл бере алмайды. Себебі ол нарыққа байланысты. Сол себепті “ақшаны күреп табасың” дегендерден сақ болыңыз. 
  5. Қауіп-қатерді ескеру. Барлық брокер тәуекел мен қауіп-қатерді ашып айтпауы мүмкін немесе оған әдейі аса назар аудармауы мүмкін. Сондықтан өз бетіңізбен қандай қауіп-қатер болуы мүмкін екенін ашық сұраңыз. Көкейіңіздегі барлық сұрақтың жауабын алғаныңыз дұрыс. Сонда ғана сіз инвестициялауға дайын боласыз. 
  6.  Ұзақ мерзімдегі перспективаны ойлау. Бағалы қағаздарға қатысты нарықтан аса көп пайда күтпеңіз. Инвестиция – төзім мен уақытты қажет ететін стратегия процесі. Ұзақ мерзімдегі табысқа мән беретін стратегияны таңдаңыз. Сонда ғана жетістікке жетесіз. 

Halyk Global пай қоры туралы толығырақ мына сілтемеден білуге болады — https://halykfinance.kz/halyk-global-iapkh/?lang=kk

Тағы оқыңыз: Пай қорлары туралы мифтер: Қате түсініктерді жоққа шығарамыз

Наргиза Аршидин
Дүйсенбі, 19 Тамыз, 2024 09:05
Талқылау