Хакерлер Қазақстандағы аурухананың шотынан 350 миллион теңге ұрлаған
2024 жылдың мамыр айында Жамбыл облыстық балалар ауруханасына хакерлік шабуыл жасалып, шотынан 350 миллион теңге ұрланған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com
2025 жылдың 17 ақпанында өңірлік полиция бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді.
"Жүргізілген тергеу және жедел іс-шаралардың нәтижесінде бұрын сотталған 33 жастағы ер адам осы қылмысты жасады деген күдікпен ұсталды", – деп хабарлады полиция департаменті.
Жоғалған затты тауып алған қазақстандықтар жаза арқалауы мүмкін
Ұрланған қаражаттың 305 миллион теңгесі аурухана шотына қайтарылды.
Қылмыстық істі тергеуді одан әрі жалғастыру үшін материалдар Жамбыл облысы бойынша экономикалық тергеу департаментіне берілді.
Еске салсақ, осыған дейін банктен 55 миллион теңге ұрлаған қазақстандық Швецияда ұсталғанын жазғанбыз.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан