Ғұсман Қырғызбаев пен Абиба Әбужақынова бастаған дзюдошылар Абу-Дабиде өтетін турнирде ел намысын қорғайды

Фото:Stan.kz collage
28-30 қараша аралығында Абу-Дабиде дзюдодан жылдың кезекті Гранд-Слэм турнирі өтеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алдын ала Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) мәліметіне сәйкес бұл додада Қазақстан намысын қорғайтын дзюдошылар белгілі болды.
Олардың қатарында Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев пен әлем чемпионатының күміс медаль иегері Абиба Әбужақынова бар.
Аталмыш бәсекеде ел намысын қорғайтын ұлттық құрама тізімі:
Ерлер
60 келіге дейін: Мағжан Шамшадин, Аман Бақытжан
66 келіге дейін: Ғұсман Қырғызбаев, Нұрқанат Серікбаев
73 келіге дейін: Есет Қуанов
81 келіге дейін: Абылайхан Жұбаназар, Азат Күмісбай
90 келіге дейін: Ермахан Әнуарбеков
100 келіге дейін: Нұрлыхан Шархан, Марат Байқамұров
100 келіден жоғары: Еламан Ерғалиев
Әйелдер
48 келіге дейін: Абиба Әбужақынова
57 келіге дейін: Бақыт Құсақбаева
63 келіге дейін: Эсмигүл Куюлова
Айта кетейік, дегенмен алдағы уақытта бұл тізімге тағы да өзеріс енуі мүмкін.
Бұл байрақты бәсекеге 25 елден 144-ке жуық дзюдошылар бақ сынайды деп күтілуде. Жарыстың жалпы жүлде қоры 154 000 еуроны құрайды.
Еске салсақ, соңғы рет 25-27 шілде аралығында Ұлан-Батыр (Моңғолия) қаласында өткен Гранд-Слэм турнирінде ел атынан 8 спортшы қатысқан еді. Оның басым көбі алғашқы айналымнан әрі аса алмады. Нәтижесінде отандастарымз бірде-бір жүлдесіз қайтқан.
"Үш сағат істейтінді бізде он минутта бітіреді": Германиядағы қазақ дәрігері сүндеттеу ісінде Қазақстан қалай алға кеткенін айтып берді

