Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Төрт көзіміз түгел": Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдыз бен оның ата-анасын қонаққа шақырды

Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдыз бен оның ата-анасын күттіФото: https://www.instagram.com/gulziraaidarbekova

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова Мальдив аралдарында демалып келген ұлы Қайрат Нұртастың отбасы мен келіні Жұлдыз Әбдукәрімованың ата-анасын күтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әншінің анасы әлеуметтік желідегі парақшасында қонақ күтіп жатқан сәтінен видео бөлісті.

“Бүгін бала-шағамыз Мальдив аралынан демалыстан келіп, басымыз қосылып мәре-сәре болып жатырмыз. Төрт көзіміз түгел, амандықпен жүздесу де бір бақыт! Барлығы көріп жүрген күлімсіреу – шындықтың бір бөлігі ғана. Қалғанын өмір өзі сөйлетеді.Өмір кейде тыныштықты дауыссыз сынайды. Түсінген адамға-жеткілікті”, – деп жазған ол.

Сондай-ақ Гүлзира Айдарбекова отбасы мүшелері мен құдаларына Жаңа жылға сыйлық табыстады.

“Құдамыздың ауырып қалғанын естіп бас киім алуға шештім. Ал құдағиыма қаракүзеннің терісінен сырткиім. Жаңа түскен келінге де сыйлығымыз бар”, – деді ол.

Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдыз бен оның ата-анасын күтті

Желі қолданушылары жазбаға жылы пікірлер қалдырып жатыр.

“Ақылды енесіз. Сізден бәрі үлгі алсын. Бәрі жарасып тұр, қандай керемет”, “Тіл-көзден сақтасын, көріп қуанып отырмын”, “Қайраттың ата-енесі үйлеріңізге келіп жақсы болыпты ғой”, “Өте қуаныштымын”, “Гүлзира ханым бәрінің көңілін тапқысы келеді”, “Қайраттың көзі бақытты болып тұр”, “Қайрат балаша қуанып жүр ғой”, “Гүлзира ханым, қандай керемет жансыз”, “Құда-құдағиыңыз өте көрегенді жандар екен”, – деп жазған олар.

Айта кетейік, бұған дейін Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдукәрімова тұңғыш қызының туған күнін Мальдив аралдарында тойлағаны хабарланған еді. 

STAN.KZ
Дүйсенбі, 12 Қаңтар, 2026 11:35