Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Гүлзарларды таптап кеткен: Қостанай тұрғындарының қала күніндегі әрекеті қазақстандықтардың шамына тиді

Қостанай тұрғындары қала күніне арналған мерекеде гүлзарларды таптап кеткен. Тұрғындардың мәдениетсіз әрекеттерінің бейнежазбасы желіде тарап, қазақстандықтарды ашуландырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Қостанайдың 144 жылдығына арналған мерекелік концерт кезінде ересектер де, балалар да гүлдерді таптап кеткен. 

Енді тапталған гүлзардағы гүлдер жұлынып қалған. Бұл жерде газон отырғызу жоспарланды, өйткені жаздың соңына дейін жаңа шырайгүлдер өсіп шыға алмайды.

Қала тұрғындарының гүлзарларды жайбарақат басып жүргені  интернет қолданушыларының наразылығын тудырды. Олар тұрғындардың әрекетінен бөлек, алаңның шағындығына және әкімдік гүлзарларды арнайы қоршаумен қамтамасыз етпегеніне шағымданды. Бірақ мұндай теріс қылық ешкімді бей-жай қалдырмады. Қала әкімі қала тұрғындарының әрекетіне өзі түсініктеме беріп, олардың мәдениетсіз екені туралы пікірді жоққа шығаруға тырысты

“Түсіністікпен қарап, адамдарды кінәламаймыз. Біздің ойымызша, биыл 60 мыңнан астам адам жиналды. Келесі жылы гүлзарларды қоршауды қарастырамыз”, – деді Қостанай әкімі Марат Жүндібаев.

Психологтар көпшілік арасында болғаннан кейін бұған қарсы тұру қиын деп санайды. Адамдар көп адамның арасында өздері жасай алмайтын нәрселерді жасап кетеді.

“Көпшіліктің белгілі бір динамикасы бар. Эмоционалды жұқтыру деген бар. Бір эмоция екіншісіне беріледі, адамдар эмоцияны жұқтыра бастайды. Содан кейін екінші кезеңде бір-біріне еліктейді. Біреу бір жерге барса, бәрі қайталайды. Біреу гүлзарлармен жүруді бастағасын, бәрі оның соңынан ерді. Әрқайсысы “бәрі бара жатыр ғой” деп ойлады”, – деді практикалық психолог Игорь Зуев.

Мамандардың айтуынша, осындай ауқымды іс-шараларды өткізу кезінде мерекені сауатты ұйымдастыру маңызды. Биылдың қателіктерін ескере отырып, келесі жылы әкімдікте бұл шешіледі. Сондықтан бұл жолы ешкім жазаланбады.

Абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін шамамен 70 мың теңге айыппұл қарастырылған.

Талқылау