Грузия жеделдетілген негізде Еуроодаққа қосылмақшы
Грузия үкіметі Еуроодаққа қосылу үшін қажетті шараларды қабылдауға дайын. Бұл туралы елдегі басқарушы "Грузия арманы" партиясының төрағасы Ираклий Кобахидзе мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
“Грузия үкіметі премьер-министр Ираклий Гарибашвилимен бірге Еуроодақ мүшелігіне үміткер мәртебесін алу үшін өтініш дайындауда. Өтініш ертең Еуроодақ құрылымдарына ресми түрде ұсынылады", – деді Ираклий Кобахидзе.
Бастапқыда басқарушы партия Еуроодаққа қосылу туралы өтінішті 2024 жылы жаңа реформа негізінде бермек болған.
"Алайда жалпы саяси ахуал мен жағдайды ескере отырып, саяси кеңес мүшелерімен ақылдаса келе "Грузия арманы" партиясы Еуроодақ мүшелігіне үміткер мәртебесін алу үшін тез арада өтініш беру шешімі қабылданды", – деп түсіндірді ол.
2021 жылы Украина, Грузия мен Молдавия "Ассоциацияланған үштікті" құру туралы меморандумға қол қойған. Олардың негізгі мақсаты – Еуроодақ мүшесі атану.
Бұған қарамастан Грузия жақын арада ресми өтініш бермек. Ал Зеленский мұндай өтінішке 28 ақпанда қол қойған.

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
