«Гримсби» сенсация жасады: «МЮ» Англия лигасының кубогынан шығып қалды
Фото: gtfc.co.uk
"Манчестер Юнайтед" күтпеген жерден Англия лигасының кубогынан шығып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Англия лигасының кубогы екінші айналымында Рубен Аморим жаттықтыратын "Манчестер Юнайтед" төртінші дивизион өкілі "Гримсби Тауннан" жеңіліп қалды. Негізгі ойын 2:2 есебімен аяқталды, ал пенальти сериясында қарсылас 12:11 есебімен басым түсті.
Бұл нәтиже клуб тарихында алғаш рет тіркелді, "Манчестер Юнайтед" Англия лигасының кубогында төртінші дивизион командасынан ұтылып, жарыстан шығып отыр.
Айта кетейік, команда үшін маусым да сәтсіз басталды: "қызыл сойқандар" үш ойында да жеңіске жете алмады (бір тең ойын, екі жеңіліс).
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген

