Грекияда соңғы екі күнде 150 -ден астам өрт болған (видео)
Фото: AP/ТАСС
Грекияның әртүрлі аймақтарында соңғы 48 сағатта 150-ден астам өрт болды. Оның үстіне, сағатына 80 шақырымға жететін қатты жел мен қырық градус ыстық жалынды сөндіруді айтарлықтай қиындатып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Euronews басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Елдің әр өңірінде соңғы екі күнде 150-ден астам өрт шыққан. Қатты жел мен ыстық температура өртті күшейте түсті. Грекия билігі 20 елді мекеннің тұрғындарын шұғыл эвакуациялаған. Оларды автобустар, көліктер мен балық аулайтын қайықтар тасымалдап жатыр екен. Әсіресе Ахая, Превеза, Ион және Хиос аралында жағдай қиындай түскен.
Грекиядағы орман өрті: Қазақстандық олигархтар жазаланбайтын болды
Өртті сөндіруге бес мыңға жуық өрт сөндіруші мен 33 ұшақ жұмылдырылған. Бірнеше құтқарушы күйік пен жарақат алып, ауруханаға жатқызылды.
"Бұл күндер өртке қарсы қызмет үшін ең қиын сынақ болды", – деді Грекия өрт сөндірушілер одағының төрағасы.
Ауқымды өрт тек Грецияда ғана емес, шілденің аяғында Түркия мен Кипрді шарпыды.
Айта кетейік, бұған дейін 21 маусымда Грекияда яхта жалдаған қазақстандықтар отшашу арқылы аралды өртеп жіберді деген ақпарат тараған еді.
Кейін Сыртқы істер министрлігі ұсталғандар арасындаҚазақстан азаматтары жоқ екенін хабарлады. Грекия билігі тарапынан қазақстандықтарға қатысты ешқандай талап-арыздың жоғын мәлімдеген.

"Киіктерді өз өмірінің құнымен қорғаған батыр": Қорықшы Ерлан Нұрғалиевтің қаруланған броконьерлерді қуамын деп қалай қаза тапты
