Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Грекиядағы орман өрті: Қазақстандық олигархтар жазаланбайтын болды

Грекия билігі Гидра аралының маңында яхтада демалған қазақстандықтардың орман өртіне қатысы жоқ екенін растады. Тергеу отшашу мен қазақстандық туристер арасында ешқандай байланыс болмағанын мәлімдеді. Енді бұл хабарлама оларды күдіктілер тізімінен ресми түрде шығаруға мүмкіндік береді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Kathimerini басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: ekathimerini.com

Мәліметтерге сәйкес, капитан барлық жауапкершілікті өз мойнына алып, басқа экипаж мүшелерін және яхтаны жалдаған шетелдіктерді ақтап алды. Сондай-ақ ол жартастан ұшырған 15 отшашуды өзі алғанын айтты. Олардың 14-і теңізге ұшып кеткенімен, біреуі қарама-қарсы бағытқа бұрылып, арал жағасына түсіп, өрт шыққан.



Капитан яхтаны жалға алғандарды таңқалдыру үшін өз бастамасымен әрекет еткенін айтты. Бұрынғы берген куәлігіне қатысты ол өзін ақтауды ойлағанын айтып, оқиғаның басқа нұсқасын жеткізді.

Еске салайық, 21 маусымда Грекияда яхта жалдаған қазақстандықтар отшашу арқылы аралды өртеп жіберді деген ақпарат тараған еді.

Кейін Сыртқы істер министрлігі ұсталғандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ екенін хабарлады. Грекия билігі тарапынан қазақстандықтарға қатысты ешқандай талап-арыздың жоғын мәлімдеген.

Жұмаділлә Нұрила
Жұма, 09 Тамыз, 2024 13:43
Талқылау