Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Грецияда қонақ үйде жарылыс болып, ғимараттың күл-талқаны шықты

Грецияның солтүстігіндегі Касториядағы қонақ үй күшті жарылыстан қирап қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Түнгі сағат 1.30-да болған жарылыс үш қабатты ғимаратты қиратты, әйнек сынықтары мен металл заттар кем дегенде 80 метр радиусқа шашылды.

Зардап шеккендер туралы әлі мәлімет жоқ.

Оқиға орнына Касториядан өрт сөндірушілер жіберілді, ал полиция қызметкерлері ауданды қоршап алып, негізгі тас жолдағы қозғалысты тоқтатты.

Облыстық өрт сөндіру басқармасы мен Кастория полициясы ғимараттың ішінде ешкім жоқ деп мәлімдеді.

Билік әлі жарылыстың себептерін айтқан жоқ, бірақ оқиғаның мән-жайын анықтап жатқанын мәлімдеді.

Үш жұлдызды Tsamis қонақ үйі Кастория-Афина-Салоники ұлттық тас жолының 4-ші шақырымында, Кастория көлінің жанында орналасқан. Ол 1970 жылдардың басында салынған және 2010 жылы толық жөндеуден өткен.

STAN.KZ
Бейсенбі, 04 Ақпан, 2021 18:19
Талқылау