Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Головкиннің бапкері: Менің талаптарымды орындамаса, кәсіби карьерасымен қош айтысқаны жөн

Геннадий Головкин жарақат алып қалды. Екі тұжырымдама бойынша әлем чемпионы атағына таласқан отандасымыз украиналық Сергей Деревянченкомен өткен кездесуде қолын ауыртып алған. Бұл жөнінде оның промоутері мәлімдеді.

Головкиннің бапкері: Менің талаптарымды орындамаса, кәсіби мансабымен қош айтысқаны жөн

Ал, жерлесіміздің жеңісіне күмәнмен қарағандар кешегі өткен жекпе-жек жөнінде не дейді? Деревянченкомен рематч болады ма? Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Евразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Бұл жекпе-жекті асыға күткендердің қарасы қалың болды. IBF және IBO тұжырымдамасы бойынша әлем үздігінің белбеуі тігілген бәсекеге қос былғары қолғап шебері де тыңғылықты дайындық жүргізді. Нью-Йорктегі өз үйіндей болып кеткен "Мэдисон Гарден Сквер" шаршы алаңына отандасымыз 7-рет шығып отыр.   

Төреші гонгының үні естілісімен Головкин украиналық қарсыласын бір рет нокдаунға түсіріп, есеңгіретіп алды. Ал, қалған раундтар алма-кезек шабылдармен өрбіді. Дүйім жұрт Геннадийден "әдеттегідей нокаут күтті, алайда миллиондаған жанкүйерлердің үміті ақталмады. Кездесу 12 раундқа жалғасты.  

Шаршы алаң бұрышындағы қазылар жерлесіміз сәл ғана басымдылықпен жеңіске жетті деген пайым айтты. Нақтырақ айтсақ, төрешілер кездесу протоколына 114-113, 115-112, 115-112 қортындысын тіркеген. Алайда спорт кешенге жиналған көпшілік жанкүйер Головкиннің жеңгенін мойындағысы келмеді. Өмірінде алғаш рет отандасымыз бокс сүйер қауымның наразылығына тап болды. Жекпе-жектен кейін украиналық боксшы өзінің жеңіске жеткеніне сенімді екенін мәлімдеді.      

"Мен жеңдім, оны сезіп тұрмын. Бүкіл әлем, Madison Square Garden кешеніне жиналған барлық бокс сүйер қауым да оған куә. Өкініштісі, кеше сөзбен айтып жеткізе алмайтын жағдай болды. Маған сенген, мені қолдаған барша жанкүйерге мың алғыс!", - деді Сергей Деревянченко.

Головкиннің жеке бапкері Джонотан Бэнкс те шәкіртінің шаршы алаңда сылбыр қимылдағаны аздап өкпелі.

"Бұл менің кінәм. Мен шәкіртімнің жекпе-жекке бар күшін салуын қадағалап, жеткізе білуім керек. Егер, ол менің талаптарымды орындамаса, оған былғары қолғабын шегеге іліп, кәсіби мансабымен қош айтысқаны жөн. Мен боксшыларымның мұндай ауыр соққыларды өткізгенін қаламаймын", - дейді бапкері.

Ал, талай жыл бокстан Қазақстан ұлттық құрамасын жаттықтырған, халықаралық ареналардағы жерлестеріміздің жеңісіне сүбелі үлес қосқан Мырзағали Айтжанов керісінше, сайдың тасындай іріктелген, бір-біріне лайықты қарсыластардың арасындағы дәл осындай жекпе-жектердің тағдырын бір ғана ұпай шешеді, Головкиннің жеңісі әділ деп отыр.   

“Жекпе-жек өте тартысты өтті. Ал, енді кейбіреулер әрине неге құлатпады деуі мүмкін. Бұндай қарсыластар, мықты бір-біріне сай қарсыластар азғантай осындай басымдықпен ұтады. Соны біздің елдің жанкүйерлері жақсы түсінуі керек. Неге десек, мен маман ретінде айтсам, кейбір кездер біздің де боксшыларды ренжіп жатады неге құлатпайды деп. Құлай беретін адам жоқ қой", - бокстан ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов.        

Бұл кештен кейін Головкин 15 млн, украиналық боксшы 5,5 млн доллар табыс тапқан. Осыдан-ақ, жекпе-жектің екі жаққа да қаржы жағынан тиімді екенін аңғару қиын емес. Кездесуден соң, Деревянченко қарсыласын рематчқа шақырды. Ал, отандасымыз оны қабыл алды. Енді, қос дүлдүл арасындағы жекпе-жек өте ме жоқ па оны уақыт көрсетеді.

Талқылау