Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Головкин кәсіби мансабын тоқтату және зейнетке шығу туралы жоспарымен бөлісті

Қазақстандық боксшы, орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкин Yahoo! Japan тілшісіне сұхбат беріп, алдағы жоспарымен бөлісті. Ол 28 желтоқсанда болатын Риота Муратаман кездесуден кейін немен айналысатыны туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Головкин

Головкиннің кезекті жекпе-жегі 28 желтоқсан күні Жапонияда өтеді. 

"Ең алдымен Отаныма оралып, жаңа жылды отбасыммен қарсы алғым келеді. Алайда Муратамен жекпе-жек маңызды болғандықтан, қазір бұдан басқа ешнәрсе ойлап жүргенім жоқ", - деді Головкин.


"Головкин нокаутпен жеңілуі мүмкін": Мексикалық әлем чемпионы Головкинмен кездесу өткізгісі келетінін мәлімдеді


Сұхбат барысында отандасымыз келер жылы 40 жасқа толатынын айтып, бокстағы мансабы мен зейнетке шығу жайлы жоспарымен де бөлісті. 

"Мен әлі кәсіби боксшымын, әзірге зейнеткерлік жайлы айта алмаймын. Мен үшін бұл жаңа бастама болады деп ойлаймын. "40 жаста өмір енді басталады" деп жатады ғой. Сондықтан менің жұмысым әлі көп. Бәрінен бұрын отбасыммен бірге өмірдің рахатын сезінгім келеді. Отағасы ретінде атқарар міндетім де көбейеді деп ойлаймын", - деп мәлімдеді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Геннадий Головкиннің міндетті қарсыласы анықталғаны туралы хабарлаған едік. Бразилиялық боксшы Эскива Фалькао канадалық Патрис Вольниді жеңген соң чемпиондық атаққа үміткер атанған.

Талқылау