Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Головкин FightHub TV тілшісінің қолын сындыра жаздады (видео)

Ақпарат құралдарына арнап ашық жаттығу өткізген қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (35-0, 32 КО) білек күшін сынамақ болған журналистің қолын сындыра жаздады.

ааа

Бұл туралы bnews.kz хабарлайды.

FightHub TV телеарнасының тілшісі Маркос Виллегас жаттығу жасап жатқан Головкиннің білек күшін сынағысы келіп, айналшықтап шықпай қояды. “Білек күшімді білгің келсе, мә, қысып көр” деп алақанын ұстатқаны сол-ақ екен, журналистің ышқырынған дауысы шығады. Сондағысы, Виллегас боксшының соққысының не білегінің емес, бар болғаны алақанының күшін сезінген.

Журналист мұны аз көрген болуы керек, сол қолының да күшін сынамақ болады. Алғашқы жағдай бұл жолы да қайталанады, тіпті, сол қолдың күші алғашқысынан да басымырақ екенін байқайды. Мұны журналистің: “Сұмдық-ай, не деген күш! Құдды бір 200 фунт тартатын жігіт қолымды қысқандай сезіндім” – деген сөздерінен ұғуға болады.

Бұған дейін әйгілі футболшы Златан Ибрагимовичтің Головкинге жанкүйер болуы үшін бокс кешіне арнайы баратындығы айтылған еді.

34-жастағы Головкин биыл екінші жекпе-жегін өткізбек. Бұған дейін ол 2016 жылы сәуір айында Доминик Уэйдті сұлатып салған еді. Сарапшылардың басым бөлігі алдағы жекпе-жекте бокстан WBC, WBA (Super), IBO, IBF версиялары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (35-0, 32 КО) жеңіп шығатынына сенімді.

Бұған дейін Гена аталмыш жекпе-жек барысында төрешілер шешімі қажет болады деп ойламайтынын айтқан еді.

Айта кетейік, отандасымыз 10 қыркүйек күні Астана уақытымен түнгі 23:00-де Лондондағы О2 аренада британиялық боксшы Келл Брукқа қарсы кезекті жекпе-жегін өткізеді. Бокс кешін “Қазақстан” және KazSport арналары тікелей эфирде көрсетеді.

Талқылау