Златан Ибрагимович 10 қыркүйек күні Геннадий Головкинге жанкүйер болмақ

Сәрсенбі, 31 Тамыз , 2016 6:54

“Манчестер Юнайтед” клубының шабуылшылары Уэйн Руни мен Златан Ибрагимович қазақстандық Геннадий Головкиннің британдық Келл Брукке қарсы кездесуіне барып, Генаға жанкүйерлік етпек.

Manchester United's Swedish striker Zlatan Ibrahimovic celebrates scoring their second goal during the FA Community Shield football match between Manchester United and Leicester City at Wembley Stadium in London on August 7, 2016. / AFP PHOTO / GLYN KIRK / NOT FOR MARKETING OR ADVERTISING USE / RESTRICTED TO EDITORIAL USE

Фото: gazzettaworld.com

Бұл туралы vesti.kz хабарлайды.

“Бұл туралы промоутер Эдди Хирн айтып берген.

“Халлмен” кездесуден соң сенбі күні маған Уэйн Руни хабарласты. Ол Златан – Головкиннің фанаты екенін, және оның Головкин-Брук жекпе-жегіне барғысы келетінін айтты. Мен әрине “иә” деп жауап бердім. Сол күні олар “Манчестер Ситиге” қарсы ойнайды, бірақ, қалайда бокс кешіне үлгеріп келуге тырысады. Бұл әрине өте керемет оқиға болмақ”, – деді Хирн.

10 қыркүйек күні Руни мен Ибрагимович МЮ сапында өз алаңында “Манчестер Ситиге” қарсы ойнайды. Бұл матч Астана уақытымен 17.30-да басталады. Ойыннан соң қос футболшы 335 шақырымды көлікпен артқа тастап Лондонға жетпек. Ал жекпе-жек Астана уақытымен сағат 23:00-де басталады деп күтілуде.

Еске сала кетсек, 10 қыркүйек күні Лондонда Орта салмақта WBA (Super), WBC және IBF бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (35-0, 32 КО) мен IBF версиясы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы британдық Келл Брук (36-0, 25 КО) арасында жекпе-жек өтеді. Жекпе-жек 10 қыркүйек күні Лондонда 20-мың адамға арналған 02 аренасында өтеді. Болжам бойынша, аталмыш жекпе-жекті әлем бойынша GGG-дің миллиондаған көрермендері тамашалайды.

34-жастағы Головкин биыл екінші жекпе-жегін өткізбек. Бұған дейін ол 2016 жылы сәуір айында Доминик Уэйдті сұлатып салған еді. Сарапшылардың басым бөлігі алдағы жекпе-жекте бокстан WBC, WBA (Super), IBO, IBF версиялары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (35-0, 32 КО) жеңіп шығатынына сенімді.

Бұған дейін Гена аталмыш жекпе-жек барысында төрешілер шешімі қажет болады деп ойламайтынын айтқан еді.

Оқи отырыңыз:

Головкин Мәсімовті Лондонда өтетін жекпе-жегін тамашалауға шақырды

Головкиннің қарсыласы Брук өзінен 5 килограмға ауыр болып шықты (Видео)

АҚШ тілшісі: Мен Қазақстанды Геннадий Головкин арқылы білемін

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар