Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Головкиннің қарсыласы Брук өзінен 5 килограмға ауыр болып шықты (Видео)

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин және оның қарсыласы, британдық Келл Брук ресми түрде салмақтарын өлшеді. Бұл туралы Вконтакте желісіндегі GGG тобында хабарланған.

Jb-b2SW4roY

Фото: vk.com

WBC шарттарына сәйкес, бұл жекпе-жектен 30 күн бұрын өткізілетін рәсім.  WBC чемпиондық белбеуі бүгінгі таңда Геннадий Головкиннің еншісінде.

Нәтиже бойынша К.Бруктің салмағы Г.Головкиннан 5 килограмға артық болып шықты. Айта кетейік, бұған дейін британдық спортшы 66,6 килограмм салмақ дәрежесінде сайысқа түсуді жөн көрген. Ал бүгін К.Бруктің салмағы 176 фунтты (79,8 кг) көрсетсе, Г.Головкиндікі небәрі – 165 фунт (74,8 кг) болды.

Естеріңізге сала кетейік, Г.Головкин (35-0, 32 КО) мен IBF версиясы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, британдық боксшы К.Бруктің (36-0, 25 КО) арасында өтетін жекпе-жек 10 қыркүйек күні Лондонда 20-мың адамға арналған 02 аренасында өтеді. Болжам бойынша, аталмыш жекпе-жекті әлем бойынша GGG-дің миллиондаған көрермендері тамашалайды.
20160811105926

Фото: kazinform.kz

Жақында Келл Брук батыс БАҚ-тарына берген сұхбатында алдағы жекпе-жекте әлемді дүр сілкіндіріп, Г.Головкинді жеңетінін, сондай-ақ, оны бүкіл белбеулері мен атақтарынан айыратынын мәлімдеген болатын.

«Мен бүкіл әлемді дүр сілкіндіремін. Кейін таңғалып жүрмеңіздер. Головкинді соққыға жығып, оны бар белбеулерінен айырудың амалын табамын», – деген болатын К.Брук.

34-жастағы Головкин биыл екінші жекпе-жегін өткізбек. Сарапшылардың басым бөлігі алдағы жекпе-жекте бокстан WBC, WBA (Super), IBO, IBF версиялары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (35-0, 32 КО) жеңіп шығатынына сенімді.

 

Талқылау