Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Головкин: Брукпен болатын жекпе-жекте төрешілер шешімі қажет болады деп ойламаймын

10 қыркүйек күні Лондонда Орта салмақта WBA (Super), WBC және IBF бойынша әлем чемпионы Геннадий Говокин мен британдық жартылай орта салмақ боксшысы Келл Брук арасында жекпе-жек өтеді. Головкиннің айтуынша, бұл кездесу соңғы раундқа дейін жетіп, төрешілер шешім шығаруы екіталай.

image

Фото: instagram.com/gggboxing/

Бұл туралы “ҚазАқпарат” хабарлайды.

“Бұл жаттығу лагері өзгеше болды. Менің бапкерім Абель Санчес жаңа стратегия, жаңа стиль ойлап тапты. Онда барлығы жылдамдыққа келіп тіреледі. Бұл мен үшін аса қиын емес. Абель барлық уақытты қамтитын және сот төрелігіне дейін жететін жұдырықтасуға дайындалу керектігін айтуда. Ол маған ең үздік үш спарринг серіктес таңдап берді.

Брук – көп қозғалатын, өте жақсы боксшы, онымен жекпе-жекке шығып, тамаша тәжірибе жинағалы тұрмын. Бірақ, менің алдыма келсе, бәрі бітті деген сөз. Мен оны тоқпақтап тастаймын. Егер ол жақсы қозғалса, 8-10 раундқа созылуы мүмкін. Бірақ, бәрібір төрешілер төрелігіне жетеді деп ойламаймын. Өз стратегиямды түсініп, нақты шешім қабылдау үшін маған бірнеше раунд жеткілікті”, – дейді Головкин.


Жіберіп алмаңыз:

Головкин Мәсімовті Лондонда өтетін жекпе-жегін тамашалауға шақырды

Головкиннің қарсыласы Брук өзінен 5 килограмға ауыр болып шықты (Видео)

АҚШ тілшісі: Мен Қазақстанды Геннадий Головкин арқылы білемін

Талқылау