Голливуд жұлдызы Николас Кейдж қазақ киносына түсуге дайын екенін айтты
Голливудтың танымал актері, Оскар сыйлығының иегері Николас Кейдж XIII халықаралық «Еуразия» кинофестиваліне арналған баспасөз мәслихатында журналистер сұрағына жауап берді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».
“Қазақстандық киножобалаға түсуге қуана келісер едім. Астананың келбетіне қарап рахаттанам”, – дейді Николас.
Актер қазіргі атқарып жатқан жұмысын, қандай фильмдерге түскісі келетінін, өзіне ең жақын рөлі айтты.
«Мен актер ретіндегі өз мансабымды тәуелсіз кинолардан бастағанмын. Қазір Косматос атты жаңа режиссермен «Мэнди» фильмін түсіріп жатырмыз. Маған бюджеті шағын, бірақ тұтас кинематографияға ерекше тәсілмен келетін фильмдер ұнайды. Маған күрделі рөлдер ұнайды. Үш-төрт жыл бұрын «Джо» фильміне түстім, сондағы кейіпкер өмірдегі өзіме қатты ұқсайды», – деді ол», – дейді Кейдж.
Тағы да оқыңыз:
Голливудтың әйгілі актері Эдриен Броуди: Менің бұрыннан киіз үйде тұрғым келеді
Жүкті екенін білген желідегілер Жұлдыз Өмірғалиды ұрысып тастады (фото)
Талғат Жорабаев: Сәбит әпкемді жиі жылатып, қорлап жіберді
Ақбота мен Айдарқұловтың отбасындағы шындықты директоры айтып берді