Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғылым және жоғары білім вице-министрі тағайындалды

Үкіметтің қаулысымен Камиль Ерғалиұлы Ақатов Ғылым және жоғары білім вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Камиль Ақатов 1991 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Вуллонгонг университетін (БАӘ), Қазақ технология және бизнес университетін, Astana IT University-ді тәмамдаған.

2015-2016 жылдары - "Қазақстандық МЖӘ орталығы" АҚ Жобалау департаментінің сарапшысы, бас сарапшысы.

2016-2022 жылдары "Зерде" ұлттық инфокоммуникация холдингі" АҚ-да бас менеджер, аға менеджер, басқарма бастығы, департамент директоры болып жұмыс істеді.

2022 жылдың қаңтарынан бастап қазіргі уақытқа дейін "Qazinnovations" иновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі" АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарды.

Дана Русланқызы
Бейсенбі, 01 Қыркүйек, 2022 21:54
Талқылау