Германияда сиырларды дәретханаға баруға үйретуде: Бұл арқылы жаһандық жылынуға қарсы күресе аламыз дейді ғалымдар
Думмерсдорфтағы жануарлар биологиясы институтының ғалымдары сиырларды арнайы дәретханаға үйретуге болатынын дәлелдеді. Бұл жаһандық жылынуға қарсы күреске үлкен үлес қосады дейді эксперимент авторлары. Бұл жайында Stan.kz ақпарат агенттігі BBS News сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Ғалымдардың айтуынша, сиырлардың нәжісін кез келген жерге бөлуінен олардың жапасында болатын аммоний топырақпен әрекеттесіп, парниктік әсер ететін азот оксиді газын түзеді.
Атмосфераға адамдардың әсерінен шығарылатын және жаһандық жылынуға ықпал ететін газдардың шамамен 10% ауылшаруашылық малдарынының үлесінде.
Экспериментке 16 сиыр таңдалып, олар үшін институтқа тиесілі тәжірибелік фермада MooLoo атымен дәретхана жабдықталған. Ол жерден шыққан нәжіс өңдеуге жіберіледі.
Тәжірибе барысында сиырларды кезекпен дәретханаға апарып, тәттілер берген. Егер сиыр нәжісін бөлу үшін дәретхана өз бетімен барса оған тағы да тәттілер берген, ал егер оны тиісті жерде жасамаса оған үш секундтай су сепкен. Тәжірибенің соңғы кезеңінде алаңнан дәретханаға дейінгі қашықтықты алыстатып отырған.
- Түйе жайлы қызықты деректер
- Сүттің пайдасы: Қандай сүт пайдалы және ол шынымен де ағзаға әсер ете ме
Он күндік жаттығудан кейін 16 сиырдың 11-і 75% жағдайында дәретхана өз бетімен баратын болған. Ғалымдардың айтуынша, олар адамның жаңа туылған сәбиінен әлдеқайда ақылдырақ бола бастаған.
Зерттеушілердің пікірінше, мұндай дәретханаларды жаппай енгізу сиыр жапасын 80%-на дейін жинауға және атмосфераға аммиак шығарылуын 56%-ға азайтуға көмектеседі.

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
