Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Германияда полиция триллион теңгеге жуық биткоин тәркіледі

Германияның құқық қорғау органдары шығыстағы Саксония штатында құны 2 миллиард еуроға жуық биткоинді тәркіледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Reuters

Полицияның хабарлауынша, тергеу жалғасып жатыр және ешқандай айып тағылмады.

Саксонияның мемлекеттік қылмыстық полиция басқармасы 50 мың биткоиннің тәркіленуі Германиядағы шулы оқиғаға айналуы мүмкін екенін айтты. Қазіргі бағам бойынша бұл 2,17 миллиард долларға немесе 972,5 миллиард теңгеге тең.

Полиция 2013 жылдың соңына дейін қарақшылық веб-сайтты жүргізді деген күдікке ілінген 40 және 37 жастағы екі ер адамды тергеп жатқанын айтты. Билік олардың биткоинді порталда тапқан ақшасына сатып алғанын айтады.



“Олардың тергеуі авторлық құқықпен қорғалған туындыларды рұқсатсыз сату және ақшаны жылыстау күдігімен байланысты.

Тәркілеу жұмысы "айыпталушы биткоиндерді Федералдық қылмыстық полиция басқармасының ресми әмиянына өз еркімен аударғаннан кейін басталды", – делінген полиция хабарламасында.

Айта кетейік, бұған дейін Биткоин құны бір монета үшін 18 мың долларға жуықтағанын жазған едік. 

Талқылау