Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Газа тұрғындары Қазақстанға қоныстандырылады": Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады

Фото: gov.kz

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров желіде тараған Газа секторынан шыққан босқындардың Қазақстанға әкелінетіні туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Желіде Сауд Арабиясы Газа тұрғындарын Қазақстанға қоныстандырады деген ақпарат тараған еді.

Министрлік өкілі бұл ақпаратты жоққа шығарып, фейк деп атады.  

"Мұны кім таратып жатқанын білмеймін, бірақ біреуге тиімді болып тұр ғой", – деді ол.

Еске салсақ, бұған дейін Таяу Шығыстағы жағдайларға байланысты сыртқы істер министрлігі қазақстандықтарға ескерту жасаған еді. 

Дана Русланқызы
Дүйсенбі, 23 Маусым, 2025 22:10
Талқылау