Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Газа секторында Израильдің бір топ әскері ғана қалды

ЦАХАЛ бөлімшелерін Газа секторының оңтүстік бөлігінен шығарды. Палестина анклавын бөлетін Нетарим дәлізінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бір бригада қалады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Getty Images

Израиль қорғаныс әскері Газа секторының оңтүстік бөлігінен әскерін шығарды.Әскерилер жаңа барлауды қолдана отырып жасалған рейдтер болашақта ХАМАС-пен күресудің тиімді тәсілі болады деп санайды. 

Газа секторында Палестина анклавын бөлетін Нетарим дәлізінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бір ғана бригада қалады. Бұл дәліз ЦАХАЛ-ға Газа секторының солтүстік және орталық бөліктерінде рейдтер жүргізуге және гуманитарлық ұйымдарға палестиналықтарға көмек жеткізуге мүмкіндік береді.

Хамастың еврей мемлекетіне жасаған бұрын-соңды болмаған шабуылынан бері тура алты ай өтті. Жетінші қазанда содырлар 1200-ге жуық адамды өлтіріп, 250-ден астамын ұрлап кетті. Бұған жауап ретінде Израиль Газаны әуеден бомбалауды бастады, содан кейін құрлықтағы операцияға кірісті.

Қараша айындағы бітімгершілік кезінде 100-ден астам кепілге алынған адам босатылды. Сондай-ақ армия 34 тұтқынның қайтыс болғанын растады. Болжам бойынша, Газада кепілге алынған 95 адам қалады.

ХАМАС бақылайтын Газа денсаулық сақтау министрлігі жарты жыл ішінде анклавта 33 мыңнан астам тұрғын қаза тапқанын мәлімдеді. Бұл ақпарат тәуелсіз расталған жоқ.

Бұған дейін Израиль Сирия астанасындағы Иран консулдығына әуеден шабуыл жасады

Дамасктегі Иран консулдығының ғимараты Израиль жасаған соққы салдарынан толықтай қирап қалды, құрбандар бар. 

Сонымен қатар Иранмен соғыс одан әрі шиеленіссе, Израильдің үлкен бөлігі зымырандар мен ұшқышсыз ұшақтардың спутниктік навигациясын бұзу үшін GPS-ті бұғаттамақ ойы бар екені хабарланды.

Талқылау