Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Гарант 24 Ломабрд" даулы ісіне қатысты күдіктілерге уақытша тұрғын үй беріледі

Ақтөбеде "Гарант 24 Ломбард" даулы ісіне қатысты күдіктілерге үй қамақта отыратын уақытша тұрғын үй беріледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Диапазон басылымына сілтеме жасап. 

гарант 24

9 маусымда сот қылмыстық іске қатысы бар 31 адамға қамауда ұстау бұлтартпас шарасын үй қамаққа ауыстыру туралы шешім қабылдады. 

"Басқа облыста тұратын күдіктілер бар, олар үйлеріне қайта алмайды. Сотқа қатысуы үшін Ақтөбеде үй қамаққа алынады. Шешім шыққанша тұрғын үймен Ақтөбе облысының әкімдігі қамтамасыз етеді", – делінген Ақтөбе облыстық сотының мәлімдемесінде. 



Бұл іске қатысты тергеу 2021 жылдың жазында басталған. Сот 17 мың жәбірленушіден жауап алуы керек. Барлығы 48 күдікті бар, олардың 31-ін қамауда ұстау туралы шешім қабылданған. 

"Қылмыстық-процессуалдық кодекстің нормасына сәйкес қамауда ұстау бұлтартпас шарасын бір жылдан артық созуға болмайды", – деп қосты басылым.

Айта кетейік, бұған дейін “Гарант 24 Ломбард” қаржы пирамидасына қатысты сот отырысы жанжалмен басталғаны туралы хабарлаған едік. Бірнеше адам айыптау актілерін көрмегендерін немесе оларды сапасыз екенін айтты. 

Талқылау