Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Гамбургте Еуро-2024 матчы алдында балтамен қаруланған ер адам ұсталды

Гамбургтің орталығында полицияның балта ұстаған адамды ұстау бойынша ірі операциясы өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Steven Hutchings

Полицейлер оқ жаудырып, оның аяғын жаралауға мәжбүр болған.

Жергілікті БАҚ оқиғаның Голландия ұлттық құрамасының жанкүйерлеріне арналған фан-зонаның жанында болғанын жазады. 16 маусымда голландықтар футболдан Еуропа чемпионатында Польшамен ойнаған болатын.

Полиция мәлімдемесінде ер адамның полиция қызметкерлерін балта және "өрт сөндіру құрылғысымен" қорқытқаны айтылған.

Қалалық полиция өкілінің айтуынша, полиция шабуылдаушыға қарсы әуелі бұрыш спрейін, содан кейін атыс қаруын қолданған. Алдымен олардың бірі шабуылдаушыны тоқтату үшін ескерту оғын атқан, кейін ер адам жерге құлағанша бірнеше рет оқ атылған.

Салдарынан ер адам жарақат алып, ауруханада медициналық көмек алды. Басқа зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. Гамбург полициясының өкілі: "Мұның футболға ешқандай қатысы жоқ", - деді.

Шабуыл жергілікті уақыт бойынша шамамен 12:30-да Рипербан көшесінде болған.

Қалада 30 мыңға жуық голландиялық жанкүйерлер бар, ал поляктар да соған жуық. Жергілікті уақыт бойынша сағат 15:00-де басталған матч қарсаңында қалада жақсы атмосфера болғаны және оқиғаның оған ешқандай әсер етпегені хабарланды.

Талқылау