Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар 60 күн кереуетте құр жатып берген адамға 15 мың евродан төлеуге дайын

Тулузадағы ғарыш медицинасы және психология инстиутының ғалымдары ерекше жұмыс ұсынып отыр.

96969696

Ғалымдар 60 күн бойы құр жатып берген адамға 15 мың евродан төлеуге дайын.

Француз ғалымдары 60 күн бойы кереуетте жатып беретін еріктілерді іздестіруде. Осы арқылы ұзаққа созылған салмақсыздықтың организмге әсерін анықтамақ. Бірақ, сіздің иығыңыз үнемі кереуетке жанасып тұруы тиіс. Тіпті, дәретханаға шыққанда да.

Зерттеуге екі топ қатысады: Бірі салмақсыздыққа әсер беретін препараттарды қабылдайды, екіншілері қабылдамайды.

Ұзаққа созылған жатыс денені салмақсыздыққа алып келеді. Алғашқы екі аптада еріктілердің организміне толықтай анализ жасалса, әрі қарай 60 күндік зерттеу басталады. Ол кезде қатысушы үнемі кереуетте жатып, басын 60 градустан жоғары көтермеуі тиіс.

STAN.KZ
Бейсенбі, 06 Сәуір, 2017 12:34
Талқылау