Ғалия Тынбаева әлемнің ең үздік он балуанының қатарына кірді
Дзюдодан Қазақстан құрамасының мүшесі Ғалия Тынбаев әлемдік рейтингте алғашқы ондыққа енді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ҰОК
Хорватияның Загреб қаласында өткен әлемдік Гран-при турнирінде күміс медаль иеленген Ғалия Тынбаева әлемнің ең үздік он балуанының қатарына кірді. Қазақстан әйелдер командасының мүшесі IJF-тің жаңартылған рейтингінде екі сатыға жоғарылады. 48 келі салмақта белдесетін Ғалия 3779 ұпаймен 12-орыннан 10-орынға көтеріп,әлемнің ең үздік он балуанының қатарына қосылды.
Айта кетелік, Ғалия Тынбаева мамыр айында Астанада өткен Grand Slam додасында алғаш рет топ жарды.
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"

