Ғалымдар ұзақ уақыт бойғы жұмыссыздықтың адам психолгиясына зиянын анықтады
Варшава университетінің поляк ғалымдары ұзақ уақыт жұмыссыздықтың адам психикасына теріс әсер ететінін анықтады. Ғалымдар жұмыссыздық адамның өмірін басқару еркіндігінен айыратынын анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Journal of Personality журналына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: freepik.com
Деректерге сай, жұмыссыздық психикалық денсаулыққа ұзақ мерзімде әсер етеді. Ол адамдарды табыстан ғана емес, сондай-ақ жанама артықшылықтар оның ішінде әлеуметтік байланыстар мен ұйымдастырылған уақыттан да айырады.
Зерттеуге Польшада тұратын 1055 адам қатысты. Олардың 748-і жұмыссыз, 307-і жұмыс істейтіндер болды. Жұмыссыздар үш топқа бөлінді: үш айға дейін, бір жылға дейін және бір жылдан көп уақыт жұмыссыз болғандар.
Ғылыми жұмыс нәтижелеріне сәйкес, ұзақ уақыт жұмыссыздық адамның әл-ауқаты мен өзін-өзі бағалауының нашарлауына, сондай-ақ өмірін басқаруға деген бақылауды жоғалту сезімінің артуына әкеліп соғады. Қатысушылар неғұрлым ұзақ уақыт жұмыс таба алмаса, соғұрлым олар қорқыныш, күйзеліс және басқа да теріс эмоцияларды жиі сезінді.
Басылымның хабарлауынша, ұзақ жұмыссыздық адамдардың жақсы сезімдерге ие болуына кедергі келтіріп күйзелісті тудырады. Бұл адамдардың күйзеліске қарсы тұруға және жеке мақсаттарға ұмтылуға деген дайындықтарын төмендетеді.
Ұзақ уақыт жұмыссыздық адамның қоғамдық және басқа да ұжымдық іс-шараларға қатысу мүмкіндігін төмендететіні де атап өтілген.