Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар ұйқыдағы қандай мәселелер өлім қатерін арттыратынан айтты

Ұйқысыздықпен қатар апноэге шалдыққан адамдар 50%-ға жиі көз жұмады. Австралиялық Флиндерс университетінің ғалымдары осындай байламға келді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Gazeta басылымына сілтеме жасап. 

ұйқысыздық

Ғалымдардың сөзінше, ұйқысыздық және апноэ – ұйқы кезінде дем алудың тоқтауынан адамдардың үштен бір бөлігі зардап шегеді. Сонымен қатар екі дертке бірден шалдыққандар да жиі кезедеседі. Бұған дейінгі зерттеулер мұндай адамдардың денсаулығы салыстырмалы түрде әлсіз екенін көрсеткен. 

Бір уақытта екі дертке шалдығудың қаншалықты қауіпті екенін білу үшін ғалымдар 5 000-нан аса адамның медициналық деректеріне сараптама жүргізген. Зерттеу басталған уақытта олардың жасы 60-та болған. 15 жыл жүргізілген бақылау кезінде барлығы 1 210 қатысушы көз жұмған. 

Ұйқысыздық пен апноэге шалдыққандарда гипертония қауіпі екі есеге ұлғайған. 70%-да өзге жүрек-қан тамыр аурулары пайда болған. Жоғарыда аталған себептер салдарынан өлім деңгейі 47 пайыздан асқан. 

Зерттеушілер ұйқысыздық пен апноэге шағымданған адамдарды тексеруден өткізуге кеңес береді. Сонымен қатар мамандарға емдеу тәсілдерінің қаншалықты тиімді екенін және не себепті өлім қатері артатынын анықтауы тиіс. 

Талқылау