Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар мұхит түбінен ежелгі қаланы тапты

Мұхит астындағы ежелгі қала Фото_ Designed by Freepik (1)Фото: Designed by Freepik

Үндістанның Ұлттық океанография институтының (NIO) ғалымдары Аравия теңізінің шамамен 40 метр тереңдігінен күрделі тас құрылымдардың іздерін тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Гуджарат штатына жақын орналасқан бұл суасты нысандары пішіндерінің дәлдігімен зерттеушілерді таңғалдырды. Олардың арасында төртбұрышты және дөңгелек платформалар, көше мен алаңдарды еске түсіретін сызықтар мен учаскелер бар.

"Біз анық геометриялық пішіндерді тіркедік. Олар кездейсоқ пайда болған жартасқа ұқсамайды. Бұл адамның қолымен жасалған құрылымдар", – деді экспедиция мүшелері.

Суасты дрондары мен сонарлар түсірген суреттер кейбір құрылымдардың симметриялы орналасқанын көрсетті. Бұл оларды ежелгі қоныстардың жобалануына ұқсас етеді. Енді ғалымдар мұны кім және қашан салған деген сұрақтарға жауап іздеп жатыр.

Ең таңғаларлық жаңалық бұл құрылымдардың жасы болып тұр. Шөгінді жыныстар мен маңайдан табылған органикалық қалдықтарға жасалған зерттеу олардың кемінде 12 мың жыл бұрын салынғанын көрсетеді. Бұл Хараппа өркениетінің (б.з.д. III мыңжылдық) кезінен әлдеқайда ерте.

"Егер бұл мерзім расталса, Жер бетіндегі ең ежелгі жағалаулық қала болуы мүмкін. Ол шумерлер, мысырлықтар мен хараппалықтардан да бұрын өмір сүрген", – деді зерттеуге қатысқан геологтардың бірі.

Зерттеушілер бұл қаланың соңғы мұз дәуірінен кейінгі теңіз деңгейінің көтерілуіне байланысты су астында қалғанын айтады. Бұл үдеріс шамамен 11 мың жыл бұрын басталып, Әлемдік мұхит деңгейінің айтарлықтай көтерілуіне әкелген.


Ғарыштан кішкентай жұлдызды айналып жүрген алып планета табылды: Бұл ғалымдардың барлық теорияларын жоққа шығарды


Жапон ғалымдары теңіз суында еріп кететін пластик жасап шығарды


Еске салайық, бұған дейін Мексикада бұрын жоғалып кеткен майя тайпасының ежелгі қаласы табылды. Археологтардың пікірінше, ғимараттардың тығыздығы бойынша бұл қала тек ежелгі майяның ең ірі қаласы саналатын Калакмульға жол береді. Томас ғалымдардың бұрынғы деректерін зерттей келе олардың нені жіберіп алғанын тапты. Бұл біздің дәуіріміздің 750 және 850 жылдар аралығындағы гүлдену кезінде 30 мыңнан 50 мыңға дейін адам тұратын үлкен ежелгі қала болған екен. Айта кетейік, мұндай көрсеткіш қазіргі өңірде тұратын халық санынан да көп. Осылайша Томас және оның әріптестері қаланы жақын маңдағы өзеннің құрметіне Валериан деп атады.

Айым Атамбаева
Сәрсенбі, 09 Шілде, 2025 11:55
Талқылау