Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар дельта штаммының қауіпті мутациясы жайлы ескертті

Кембридждегі Сенгера институтының ғалымы Джеффери Баррет пен Лондон Университеттік колледжінің ғалымы Франсуа Баллу коронавирустың үндістандық штаммының қауіпті мутациясы жайлы ескертті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Financial Times басылымына сілтеме жасап. 

мутация вирус

"Жақында "дельта" генетикалық эволюциясын бақылаған вирусологтар АҮ.4.2 нұсқасын анықтады. Қазір бұл штаммды Ұлыбританияның 10 пайызға жуығы жұқтырған", – делінген мақалада. 

Ғалымдардың ойынша, жаңа мутацияның жұқпалылығы өзгелеріне қарағанда 10-15%-ға жоғары. Егер деректер расталса, АҮ.4.2 нұсқасы пандемия кезіндегі ең жұқпалы коронавирус болмақ. 


Қазақстандық вакцинаның коронавирустың дельта штаммына тиімділігі дәлелденді


Қазір әлемде SaRS-CoV-2 дельта-мутациясы кең тараған. COVID-19 жұқтырғандардың басым бөлігі осы штаммды жұқтырғандар. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы бұл штаммнан да қауіпті нұсқа пайда болмаса, оның алдағы бірнеше айда басымдыққа ие болатынын айтқан еді. 

Қазір вакцина алу коронавирустан қорғанудың тиімді әдісі болып отыр. Сонымен қатар Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы қыркүйектің соңында SaRS-CoV-2-ге қарсы иммунизациядан бас тартқандар арасында өлім санының көбейгенін мәлімдеген болатын. 

Айта кетейік, бұған дейін дельта штаммның жаңа нұсқасы АҚШ-та да анықталғанын хабарлаған едік

Талқылау