Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Гаджеттер ұрлаған: Шымкент тұрғыны Қаңтар тәртіпсіздіктеріне қатысып, ұрлық жасаған үшін сотталды

Шымкенттің Еңбекші аудандық соты қаңтардағы жаппай тәртіпсіздікке қатысқан ер адамды шартты түрде соттады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сот мәліметтері бойынша, 5 қаңтарда Шымкент қаласының тұрғыны қалалық әкімдік ғимаратының алдында болған тәртіпсіздікке қатысып, жағдайды пайдаланып, метродан құны 42 500 теңге болатын гаджеттерді ұрлап кеткен.

Сотталушының кінәсі жәбірленушінің айғақтарымен, сот сараптамаларының қорытындыларымен, тергеу әрекеттерімен және іс бойынша заттай дәлелдемелермен дәлелденді.

Сот сотталушыны жаппай тәртіпсіздікке қатысу және ұрлық баптары бойынша кінәлі деп танып,  пробациялық бақылаумен үш жылға шартты түрде бас бостандығынан айырды. Соттың үкімі заңды күшіне әлі енген жоқ.


Оралда 8-қабаттан құлап көз жұмған қыздың смартфонынан 1 млн теңгеге жуық ақша ұрланған 

 

STAN.KZ
Бейсенбі, 26 Мамыр, 2022 08:31
Талқылау