AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда 8-қабаттан құлап көз жұмған қыздың смартфонынан 1 млн теңгеге жуық ақша ұрланған

Алматыда 8-қабаттан құлап көз жұмған қыздың телефонынан әлдебіреу қомақты сома ұрлаған. Ақша 22 жастағы Мадина Мұқашеваның өлімінен кейін тергеу уақыты кезінде жоғалған. 24 жастағы тергеуші Дастан Алтаев аталған іс бойынша күдікті деп танылып, сот алдында жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Время” газетіне сілтеме жасап. 

Қайғылы оқиға 2020 жылдың 20 наурызында "Таугүл" ықшам ауданында болған. Алматылық бойжеткен 8-қабаттың терезесінен құлап кеткен. Оқиға орнына жедел жеткен тергеу тобы оның жеке заттарын айғақ ретінде тәркілеген. Кейін бұл іс бойынша "өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Істі тергеу жас тергеуші Дастан Алтаевқа тапсырылды. Артынан біртүрлі оқиғалар орын алды. 
Келесі күні, яғни 21 наурызда белгісіз біреу Мұқашеваның смартфонындағы банк қосымшасына кіретін құпия сөзді өзгерткен.

Тағы бір күннен кейін қыздың депозитінен жеке шотына 900 мың теңге аударылған. Артынша банктің өзге клиентіне 960 мың теңге жіберілген. Руслан АБРОСИМОВ деген біреу банкоматтан барлық ақшаны шешіп, біреуге берген. Кейін ақшаның жоғалғаны жайлы марқұм Мадинаның туыстары біліп, Алматы полиция департаментінің жеке қауіпсіздік басқармасына жүгінді. 

Тергеу кезінде ақшаны тек Мұқашеваның смартфонын қолдануға мүмкіндігі болған адам ғана аудара алады деген байламға келді. Бірінші кезекте күдікке тергеуші ілінді, өйткені заттай айғақтар соның қолында болған. 



Алайда Алтаев кінәсін мойындамады. Оның айтуынша, смартфонды ол жалғыз қолданбаған. Айтуынша, есірткіге қарсы кұрес басқармасының жедел қызметкерлері алып кеткен. Қайтыс болған қыз рұқсат етілмеген препараттарды қабылдап, өзіне қол салды деген нұсқа қарастырылған. Мадинаның өзгелерге жазған хаттарын тексеру үшін басқарма қызметкерлері расымен де Әуезов ауданындағы әріптестеріне келген. Опер Қуаныш Қанай қыздың телефонын жарты сағатқа алып, зерттеп, тергеушіге қайта бергенін растады. 

Тағы бір атап өтетін жайт: тергеу кезінде ақшаның "Манхэттен" тұрғын үй кешенінен аударылғаны анықталды. Ал тергеуші Алтаев бұл уақытта жұмыс орнында болған. Яғни аударымды басқа біреудің жасағаны анық. 

Ақырында Абросимовтың рөлі толықтай ашылмады. Оның аккаунты арқылы ұрланған ақшаны біреу шешіп алған, бірақ жауап беру кезінде ол Алтаевпен таныс болмағанын айтқан. Оның сөзін қоңыраулар жайлы есеп растады. Екеуі ешқашан тілдеспеген, көріспеген. 

Есесіне Абрасимовты Әуезов аудандық полициясы тергеу бөлімі басшысының орынбасары Тимур Валеев танитын болып шықты. Оның айтуынша, бұған дейін Абросимов қылмыстық іс бойынша шағым түсіріп, зардап шегуші ретінде тіркелген. Бірақ екеуі бірнеше жыл бойы араласпапты-мыс. 

Қысқасы, тергеу миллион теңгеге жуық ақшаны Алтаевтың ұрлағанын дәлелдей алмады. Ақырында сот оны немқұрайлылығы үшін кінәлі деп таныды. Өйткені экс-тергеуші заттай айғаққа ие бола алмай, салдарынан осындай қылмыс орын алып отыр. 

Дастан Алтаев бір жылға бас бостандығынан айырылды. Одан бөлек, Алтаев марқұмның туыстарына материалдық және моральдық өтемақы ретінде 2 миллион теңге төлеуге міндеттелді. Ал Мадина Мұқашеваның ақшасын кім ұрлады, сол күйі жұмбақ болып қалды. Сот аталған іс бойынша жаңа тергеу бастауды тапсырды. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр