Оралда жүргізуші баланы қағып кеткен соң үйіне жеткізіп, кетіп қалған
Оралда автокөлік жүргізушісі кәмелетке толмаған баланы қағып кетті. Ол зардап шеккен баланы үйіне апарып, кетіп қалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Мой город" порталына сілтеме жасап.

Баланың анасы 24 мамыр күні сағат 17:40-та полицияға шағым түсірді. Оның айтуынша, белгісіз ер адам Гагарин және Жәнібек көшелерінің қиылысында жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан баланы қағып кеткен.
"Жүргізуші шамамен ақ түсті Toyota көлігінің рөлінде болған. Кәмелетке толмаған баланы қағып кетіп, артынан оны үйіне апарып салған. Кейін ізін суытқан. Автокөлікті іздеуге БҚО ПД-ның барлық жеке құрамы жұмылдырылды", – деп хабарланды полициядан.
Қазіргі уақытта бала анасымен бірге медициналық тексерістен өтуде. Ол аяғының ауырғанына шағымданған.
"Баланың алған жарақатына қарай құқық бұзушылық деңгейі анықталады", – деп атап өтті полиция.
Марқұм фельдшер Ұлдана Мырзуанның күйеуі 8 ай өткен соң қайта шаңырақ көтерді
Желі қолданушылардың бірі Зейнел Әділеттің жаңа әйелі марқұмның жақын араласқан құрбысы екенін айтады
"300 мың теңге артық шығарған": Fortebank өз автокассасының кінәсінен қазақстандықтың шотын бұғаттап тастады
Желі қолданушысы банк қателігінен болған жайт үшін неге қиналуы керек екеніне шамданды