Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкент қаласының экс-әкімі Ғабидолла Әбдірахымов мәдениет және спорт вице-министрі болды

Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен Әбдірахымов Ғабидолла Рахматоллаұлы Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлады премьер-министрдің ресми сайты.

Ғабидолла

«Үкіметтің қаулысымен Әбдірахымов Ғабидолла Рахматоллаұлы vәдениет және спорт вице-министрі қызметіне тағайындалды», - делінген хабарламада.

Ғабидолла Әбдірахымов 1975 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін бітірген, «Болашақ» бағдарламасы бойынша Германияның жоғары мемлекеттік басқару мектебінде оқыған, мемлекеттік басқару магистрі.

Еңбек жолын 1996 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетінде стажер-оқытушы болып бастаған.

1999 жылдан 2008 жылға дейін Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің құрылымында әртүрлі қызметтер атқарды.

2008-2012 жылдары Қазақстан Республикасы премьер-министрі Кеңсесінің басшысы болды.

2012-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы қызметін атқарды.

Талқылау