Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Футболдан Мексика құрамасының шабуылшысын ұрлап кетті

Футболдан Мексика құрамасының және гректің Олимпиакоса” командасының шабуылшысы Алан Пулидоны ұрлап кетті.

alan-pulido

Сурет: www.standard.co.uk 

The Sun баслымының деректеріне қарағанда, 25 жастағы шабуылшы сенбі күні Сьюдад-Виктория қалашығында ұрланған. Футболшы өзінің құрбысымен бірге кешкі отырыстан қайтып келе жатқанда оның автомобилін бірнеше жүк машинасы қоршап, жолын бөгеген де, бетін бүркемелеген алты адам Пулидоны күшпен шығарып, белгісіз жаққа алып кеткен. Ал футболшының қызына тиіспеген.

«Иә, бұл шындық. Ол сенбі күні таңертең жоғалды. Біз билік тарапынан көмек күтудеміз»,-деді спортшының ағасы  Армандо.

Пулидо өткен маусымда “Олимпиакоса” құрамында Грекия чемпионы атанған еді.

 

Талқылау