Футболдан Қазақстан жастар құрамасы Еуро-2027 іріктеуін жеңіспен бастады
Фото: kff.kz
5 маусымда "Астана Аренада" өткен матчта Қазақстанның 21 жасқа дейінгі жастар құрамасы Андорра құрамасын 1:0 есебімен жеңіп, 2027 жылғы жастар арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңін сәтті бастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ойындағы жалғыз голды 11-минутта Давид Есимбеков соқты. Бұл жеңіс Қазақстанға D тобында алғашқы үш ұпайды әкелді. Айта кетейік, топтағы қарсыластар қатарында Англия, Ирландия, Словакия және Молдова құрамалары бар.
Іріктеу кезеңі 2026 жылдың қазанына дейін жалғасады. Қазақстан жастар құрамасының келесі ойыны осы жылдың күзінде — қыркүйек айында өтеді деп күтілуде.
Жеңісті бастама Еуро-2027 турнирінің финалдық кезеңіне жолдама алу жолында командаға сенімділік пен мотивация береді.
Талқылау

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады

"Қуыршақ секілді тістеп ары-бері сүйреді": Алматы облысында 10 жасар баланы иттер талап, сан еті мен құлағын жұлып алған
Екатерина істі сотқа жеткізіп, медициналық анықтамаларды жинап, кейін прокуратураға шағымданбақ