Футболдан Қазақстан құрамасының Беларусь және Солтүстік Македонияға қарсы матчтарға арналған кеңейтілген құрамы жарияланды
Фото: kff.kz
Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Али Алиев маусым айында өтетін Беларусь және Солтүстік Македонияға қарсы матчтарға шақырылған футболшылардың кеңейтілген тізімін жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиыны 31 мамырда Астанада басталады. 5 маусым күні Қазақстан құрамасы Минскіде Беларусьпен жолдастық кездесу өткізсе, 9 маусымда "Астана Аренада" Солтүстік Македония құрамасын қабылдайды. Бұл ойын 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өтеді. Матч 19:00-де (Астана уақытымен) басталады.
Бас бапкер кеңейтілген тізімге 36 ойыншы енгізді:
Қақпашылар:
– Мұхаммеджан Сейсен ("Астана"),
– Александр Заруцкий ("Қайрат"),
– Стас Покатилов ("Сабах", Әзербайжан),
– Бекхан Шайзада ("Ордабасы").
Қорғаушылар:
– Әлібек Қасым ("Ақтөбе"),
– Ян Вороговский, Марат Быстров (екеуі де — "Астана"),
– Нұралы Әліп ("Зенит", Ресей),
– Роман Асранқұлов, Александр Зуев, Наурызбек Жагоров (барлығы — "Тобыл"),
– Еркін Тапалов ("Қайрат"),
– Сергей Малый, Улар Жақсыбаев, Сұлтанбек Астанов (барлығы — "Ордабасы"),
– Әділбек Жұмаханов ("Елімай").
Жартылай қорғаушылар:
– Асхат Тағыберген, Ислам Чесноков (екеуі де — "Тобыл"),
– Рамазан Оразов ("Силькеборг", Дания),
– Бақтиер Зайнутдинов ("Бешікташ", Түркия),
– Айбол Әбікен ("Қайсар"),
– Серікжан Мұжықов, Алмас Төлеубай (екеуі де — "Елімай"),
– Ғалымжан Кенжебек ("Кошице", Словакия),
– Дамир Марат, Даурен Жұмат (екеуі де — "Оқжетпес"),
– Исламбек Қуат, Дінмұхаммед Қараман (екеуі де — "Женіс"),
– Георгий Жуков ("Пуща", Польша),
– Муроджон Халматов, Зикрилло Сұлтаниязов (екеуі де — "Ордабасы").
Шабуылшылар:
– Абат Айымбетов ("Адана Демирспор", Түркия),
– Максим Самородов ("Ахмат", Ресей),
– Айбар Жақсылықов ("Қайсар"),
– Дастан Сатпаев ("Қайрат"),
– Алияр Мұхамед ("Оқжетпес").
Бас бапкер Али Алиевтің айтуынша, УЕФА-ға ресми тізім тапсырылғанға дейін құрамда өзгерістер болуы мүмкін. Беларусь және Солтүстік Македонияға қарсы матчтарға арналған соңғы тізім Минскіге ұшар алдында белгілі болады.

Шымкенттік кәсіпкер белгілі заңгер Айгүл Орынбекті 10 миллион теңгеге алдады деп айыптады
