Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Freedom Telecom және Huawei Алматының Орталық стадионында интернет жылдамдығының рекордын орнатты

Алматыдағы Орталық стадион Орталық Азия кеңістігінде әлемнің жетекші ареналары деңгейіндегі желімен жабдықталған алғашқы нысан атанды. "Қайрат" – "Реал Мадрид" матчы кезінде трибуналардағы деректерді беру жылдамдығы 1 Гбит/с-тан асты. Осы матч барысында жанкүйерлер алғаш рет FIFA 2022 футболдан әлем чемпионаты кезінде Катарда қолданылған желі деңгейіндегі рекордтық жылдамдық пен тұрақтылықтағы интернетті пайдалана алды.   

Freedom Telecom компаниясы мен Huawei Technologies Kazakhstan бірлесіп құрған Freedom Wi-Fi желісі мыңдаған көрермен үшін тұрақты қосылымды қамтамасыз етіп, деректерді беру жылдамдығының ең жоғары көрсеткішін 1 Гбит/с-тен астам деңгейде тіркеді.

Матч кезінде желінің орташа өткізу қабілеті шамамен 600 Мбит/с болды, ал жеке құрылғыларда жүргізілген тест нәтижелері ең жоғары жүктеме уақытында да 60 Мбит/с-тен асқанын көрсетті. Бұл жанкүйерлерге контентпен бөлісуге, тікелей эфир жүргізуге және желіде кідіріссіз онлайн болуға мүмкіндік берді.

Желі құру барысында Huawei архитектурасы қолданылды. Дәл осы шешімдер 2022 жылы Катарда өткен FIFA әлем чемпионаты кезінде де пайдаланылған болатын. Ол кезде технология деректерді беру жылдамдығын 10 Гбит/с-қа дейін жеткізіп, ондаған мың көрермен үшін сервистердің 100% онлайн қолжетімділігін қамтамасыз еткен еді.

Қазақстанда дәл осы инженерлік тәсілдер алғаш рет жүзеге асырылып отыр. Бұл елдегі спорт нысандарының цифрлық инфрақұрылымын халықаралық стандарт деңгейіне көтерді.

"Freedom Wi-Fi стратегиямыздың басты мақсаты – жоғары жылдамдықтағы интернетке қолжетімділікті қалалық инфрақұрылымның табиғи бөлігіне айналдыру. Біз парктерден, вокзалдардан бастап стадиондарға дейін үздік халықаралық стандарттарға сай келетін желілерді енгізіп жатырмыз. Біз үшін ең бастысы – қазақстандық пайдаланушылар әлемнің ірі ареналарындағыдай цифрлық жайлылық деңгейіне ие болуы", – деді Freedom Telecom компаниясының СЕО Қайрат Ахметов.

Huawei Technologies Kazakhstan өкілдері Freedom Telecom-мен серіктестік Орталық Азиядағы осындай деңгейдегі шешімдерді енгізудің алғашқы мысалдарының бірі болғанын атап өтті:

"Бүгінде стадиондар – бұл көрермендер үйде немесе кеңседегідей жылдам әрі тұрақты интернет күтетін цифрлық кеңістіктер. Біздің міндетіміз – операторларға мыңдаған бір мезеттегі қосылулар кезінде де жоғары өнімділік, икемділік және тұрақтылықты қамтамасыз ететін шешімдер ұсыну. Мұндай технологиялар жанкүйерлерге жаңа мүмкіндіктер ашып, спорттық іс-шаралардың цифрлық инфрақұрылымын дамытуға ықпал етеді деп сенеміз", – деп атап өтті Huawei Technologies Kazakhstan компаниясының өкілі.

Бірлескен жоба Freedom Wi-Fi бағдарламасының аясында жүзеге асырылды. Бұл бағдарлама шеңберінде компания Қазақстан қалаларында – парктерде, әуежайларда, стадиондар мен көлік тораптарында қоғамдық қолжетімді Wi-Fi нүктелерінің желісін кеңейтіп келеді. Freedom Wi-Fi желісіне қосылу әрбір пайдаланушы үшін базалық жылдамдықта тегін, ал Freedom экожүйесінің клиенттеріне интернеттің жылдамдығы одан да жоғары деңгейде ұсынылады.

Freedom Telecom және Huawei Technologies Kazakhstan компаниялары алдағы уақытта да байланыс технологияларының әлемдік стандарттарына сай келетін жаңа шешімдерді енгізіп, қамту аймағын кеңейтуді жалғастырмақ. 

STAN.KZ
Сейсенбі, 04 Қараша, 2025 15:45
Талқылау