Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Франциядағы жаппай тәртіпсіздіктер: Қалаларда полиция брондалған техника қолданады

1 маусымға қараған түні Францияда жаппай тәртіпсіздікпен күресу үшін 45 мыңнан аса полицей жұмылдырылды. Сонымен қатар брондалған көлік  қолданылып, RAID және GIGN арнайы қызметтері де араласады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Euronews басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

франция

Брюссельдегі Еуроодақ саммитінен ерте оралған Франция президенті Эммануэль Макрон ата-аналарды балаларын бақылауға алуға шақырды. Себебі тәртіпсіздікке қатысушылардың басым бөлігі 14-18 жас аралығындағы жасөспірімдер. 

"Соңғы түні ұсталғандардың көпшілігі жастар. Оларды үйде ұстау – ата-аналардың жауапкершілігі. Тыныштық үшін ата-аналар толығымен бақылауға алса деймін. Барлық әкелер мен аналарға айтарым, Республика сіздердің орындарыңызды баспауы керек", – деді Макрон.

Жұмаға қараған күні елде 875 адам ұсталған. Тәртіпсіздіктер кезінде 492 ғимарат зақымдалып, 2000 көлік жанып кеткен. 
Франция аумағында 21:00-ден таңға дейін қоғамдық көлік қызметі тоқтатылды. Кламар, Медон, Туркуан, Амьен, Шалон-сюр-Сон сынды елді мекендерде коммендаттық сағат енгізілді. 

Францияда жаппай тәртіпсіздіктер полицейлер 17 жастағы жасөспірімді атып тастаған соң басталды. Оқиға Париж маңындағы Нантерде болған. Тәртіп сақшыларының мәліметінше жасөспірім олардың талабын орындамаған. 

Талқылау