Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Францияда түрме фургонына шабуыл жасалып, қылмыскер қашып кеткен: Атыста екі офицер көз жұмды

14 мамырда Францияның солтүстігінде тұтқын мінген түрме фургонына шабуыл жасалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото:AFP

Шабуылдаушылар Франция түрме қызметінің екі офицерін көлікте атып, тағы үшеуін жаралап, тұтқынға қашып кетуге көмектесті.

Франция билігінің өкілдері қашқынды іздеуге кірісті, жүздеген полиция қызметкерлері мен жандармдар жіберілді.

Прокуратура қашқын тонағаны үшін сотталған 20 жастағы Мохамед Амр екенін айтты. Ол адам өліміне әкеп соқтырған адам ұрлығы үшін де сотқа тартылды.

Figaro газеті Амрдың қылмыстық әлемде "La Mouche" (Шыбын) лақап атымен танымал екенін және ол кісі өлтіруге оқталудан басқа өзге де қылмыстық баптар бойынша, соның ішінде есірткі қылмысы үшін бірнеше рет сотталғанын түсіндіреді. Француз басылымдары қашқынның есірткі топтарымен байланысы бар деп болжады.

Франция президенті Эммануэль Макрон бұл қылмысты ұйымдастырушыларды табу үшін қолдан келгеннің барлығы жасалып жатқанына сендірді.

Амр 14 мамырда таңертең Руан сотында өтетін тыңдауға қатысу үшін түрмеден алынған. Сот отырысының соңында тұтқынды Эвре қаласындағы түрмеге қайта апара жатқан. Алайда шамамен сағат 11:00-де А154 ақылы автожолындағы бақылау-өткізу пунктінде көлікке шабуыл жасалды.

Шабуылдаушылар екі көлікпен түрме колоннасына жетіп, оған оқ жаудырған. Амрды алып кеткен көлік жақын жерде өртеніп кеткен.

"Екі агент көз жұмды. Біреуі екі күннен кейін 21 жасқа толуы керек еді. Артында әйелі мен екі баласы қалды. Ал екінші күзетшінің әйелі жүктіліктің бесінші айында жесір қалды", – деп мәлімдеді Франция әділет министрі Дюпон-Моретти.

Дюпон-Моретти қаскөй табылатынын және кінәлілер жазасын алатынын айтты.

Талқылау