Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Францияда екі ұшақ соқтығысып, 5 адам қаза болды

Францияның Лош қаласында екі жеңіл ұшақ соқтығысты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Nouvelle Republique басылымына сілтеме жасап.

Бес адам қайтыс болды. Соқтығысқаннан кейін ұшақтардың бірі тұрғын үйдің қоршауына соғылып, соның салдарынан жарылыс болған. Екінші ұшақ біріншісінен бірнеше жүз метр қашықтыққа құлады. Құтқарушылар оннан тағы үш мәйіт тапты.

Әзірге оқиға туралы толық хабарланған жоқ. Құтқарушылар оқиға орнында жұмыс істеп жатыр.

STAN.KZ
Жексенбі, 11 Қазан, 2020 07:50
Талқылау