ForteBank "Қазақстан Темір жолы" ұлттық компаниясымен 60 миллиард теңгеге несие желісін ашты
ForteBank "Қазақстан Темір Жолы" Ұлттық компаниясымен 60 миллиард теңге сомасына ұзақ мерзімді несие беру туралы келісімге қол қойылғаны туралы хабарлайды. Келісімнің мақсаты – саланың сапалы дамуын және ұлттық темір жол операторының қызметін қаржыландыру. Атап айтқанда, компания өндірістік қуаттау орындарын жаңғыртуды, сондай-ақ теміржол инфрақұрылымын трансшекаралық теміржол көлігі нарығының өсіп келе жатқан қажеттіліктеріне бейімдеуді жоспарлап отыр.
"Қазақстанның ең ірі банктерінің бірі Forte-ден қаражатқа ие болумыз "Қазақстан Темір Жолы" ҰК" АҚ-қа инвестициялық саясат жөніндегі жоспарларды іске асыруға және компанияның жоспарланған бірқатар көрсеткіштерін орындауға мүмкіндік береді", - деп атап өтті "ҚТЖ" ҰК" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Дайыр Көшеров.
"ForteBank негізі қаланған сәттен бастап "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры мен еншілес ұйымдарын қоса алғанда, корпоративтік клиенттерге кешенді қаржылық шешімдерді ұсына отырып, Қазақстан экономикасын қолдау мен дамыту үшін өз үлесін қосуда. Ұлттық теміржол тасымалдаушысының қызметін қаржыландыра отырып, біз елімізде бизнестің тұрақты өсуі мен экономиканың дамуына негіз болатын көлік қызметтерінің сапасын арттыруға ықпал етеміз", - деп толықтырды ForteBank Басқарма төрағасының орынбасары Айдын Әуезқанов.
ForteBank – корпоративтік клиенттерге, шағын және орта бизнес өкілдеріне де және жеке тұлғаларға да қаржылық қызметтер көрсететін әмбебап қазақстандық банк.
Банктің корпоративтік бизнесінің 299 миллиард теңгеге тең кредиттік портфелі тұрақты түрде өсіп, 2022 жылғы қаңтардан бастап 57%-ға ұлғайды.
2022 жылғы сәуірде Moody's Investors Service халықаралық агенттігі банк рейтингінің "тұрақты" болжамымен "Ba2" деңгейінде екенін растады. Ал S&P агенттігі банк рейтингінің "позитивті" болжамымен "В+" деңгейінде екенін мәлімдеді.
Талқылау

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады